home
home home

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

ХАБАРЛАНДЫРУ  

 

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

 

2019 жылдың 21 маусымында  сағат  10:00 – да Тараз қаласы Қазыбек би, 177   мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалында филиалында «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі.

Осы шара аясында Қордың өңірлік бөлімшелерінің мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге сағат 10:00-нан17:00-ге дейін әр түрлі сұрақтар бойынша жауаптар және ақыл-кеңестер береді. Сонымен қатар шара барысында келуші азаматтар Қордың, тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің жұмысымен танысады. Сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік салалар бойынша көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар және ақыл-кеңестер алуға мүмкіндіктері болады.

Сіздердің сұрақтарыңызға мына құрылымдардың мамандары жауап береді:

– «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»;

– «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ;

– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті;

– ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департаменті;

– «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ;

– «Қазпошта» АҚ;

– «Нұр-Отан» партиясының өкілдері.

 

Шараға қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыра алады.

Еске саламыз, «Ашық есік күні» шарасы Тараз қаласы Қазыбек би, 177  мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалында 10:00  мен 17:00  аралығында өткізіледі.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта