home
home home

«Болашаққа бағдар» атты көшпелі кеңес беру алаңы туралы хабарландыру

Облыс жастарын ақпараттандыруға бағытталған «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» атты көшпелі кеңес беру алаңы туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Құрметті Қордай ауданының тұрғындары мен жастары!

 

2019 жылдың 10-12 маусымы аралығында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, облыстық «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» атты көшпелі кеңес беру алаңы ауданда  барлық санаттағы жастар мен тұрғындарға түрлі сала аясындағы мәселелер бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізбек.

Облыстық автокеруен аясында мемлекеттік қолдау тетіктері, құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, білім, жұмысқа орналасу, дін, этносаралық келісім, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау тетіктері, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі және т.с.с салаларды қамтыған мәселелер бойынша қабылдаулар өткізіледі.

Шара барысында ақпараттық-әдістемелік материалдар (брошюралар т.с.с.) үлестіріліп, мастер-класстар, жеке қабылдаулар мен кездесулер өткізіледі.

Қордай ауылы, аудандық мәдениет үйінде 10.06.2019 жыл сағат 11.00-18.00.

Сортөбе ауылдық округі, ауылдық мәдениет үйінде 11.06.2019 жыл сағат 10.00-13.00

Масанчи ауылдық округі, ауылдық мәдениет үйінде 11.06.2019 жыл сағат 15.00-18.00

Бетқайнар ауылдық округі, №7 «Бетқайнар» колледжінде 12.06.2019 жыл, сағат 10.00-13.00

МҮМКІНДІГІҢІЗДІ ЖІБЕРІП АЛМАЙ, ӨЗ МӘСЕЛЕҢІЗ БОЙЫНША КЕҢЕС АЛЫҢЫЗ!!!

Байланыс телефондары: 8 (72636) 2-28-34

 

Облыс жастарын ақпараттандыруға бағытталған «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» атты көшпелі

кеңес беру алаңының Тараз қаласы мен аудандарға шығу

КЕСТЕСІ

 

 

Аудан атауы Ауылдық округ атауы Кеңес беру алаңына жастары тартылатын жақын маңайдағы ауылдар атауы Өткізілетін

күні,

уақыты

Жауаптылар
1. Қордай ауданы Қордай ауылдық округі, Қордай ауылы, «Өтеген батыр» атындағы аудандық мәдениет үйі Қордай, Әлжан ана, Ноғайбай, Шарбақты, Сарыбастау, Алға, Көкадыр, Қарасу, Өтеген, Красный партизан, Цемзауыт 10.06.2019 ж. сағ.11.00-18.00 М.Мәтен

Р.Бедельбаев

Сортөбе ауылдық округі, Сортөбе ауылы, ауылдық мәдениет үйі Сортөбе, Қызылсай, Бұлар батыр 11.06.2019 ж. сағ.10.00-13.00
Масаншы ауылдық округі, Масаншы ауылы, ауылдық мәдениет үйі Масаншы, Қаракемер, Керу, Күнбатыс 1. Күнбатыс 2 11.06.2019 ж. сағ.15.00-18.00
  Бетқайнар ауылдық округі, Бетқайнар ауылы, №7 «Бетқайнар» колледжі Бетқайнар, Қақпатас, Беріктас, Сарыбұлақ,Қайнар, Жамбыл, Жаңатұрмыс, Степной, Арал 12.06.2019 ж. сағ.10.00-13.00

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта