home
home home

Блок-бекеттерде  жұмыс қызу 

Блок-бекеттерде

жұмыс қызу

 

Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Г.Надуевтың 2020 жылғы 30 наурыздағы №4 қаулысына сай Қордай ауданының елді мекендері арасында халықтың және көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылған. Осыған байланысты Сарыбұлақ ауылының кіреберісіне, Отар бекетінің маңына және Қарасу ауылының кіреберісіне блок-бекеттер орнатылып, тексеру шаралары күшейтілді.

 

Өткен сейсенбі күні аудан басшысы Рүстем Дәулет аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатовпен бірге аталмыш нысандардың жұмыс барысымен танысты. Алдымен Сарыбұлақ ауылындағы блок-бекетке барып, ондағы атқарылып жатқан жұмысты бақылады. Содан кейін аудан әкімі Р.Дәулет «Қарасу» бақылау-өткізу пунктінде болып, шекарашылармен кездесіп, қазіргі таңдағы ахуалмен танысты. Онда көршілес елден әлі де қайтып жатқан қазақстандықтардың бар екені, олардың басым бөлігі – студенттер болып отырғаны анық болды. Шекарашылар бекітілген ережеге сай елге оралған барлық азаматтар карантинге жатқызылатынын жеткізді, яғни шекарадан өткен азаматтардың денсаулығында кінәрәттің бар-жоғы анықталғанша басқа адамдармен қарым-қатынасқа жол берілмейді. Сонымен бірге, аудан басшысы Қарасу ауылына кіреберісте орналасқан блок-бекет пен аудан аймағынан өтетін Алматы-Ташкент-Термез автожолының бойындағы блок-бекеттердің жайын бақылады. Бекеттерде жолаушылардан мәлімет алып, оны тіркеу жұмыстарын атқаратын полиция қызметкерлерінен басқа медицина қызметкерлері кезекшілік етіп, коронавирус белгілерінің болуына қатысты қатаң тексерулер жүргізуде.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.