home
home home

Блок-бекеттер ашылды

 

Елімізде барлық блок-бекеттер 1 маусымнан бастап алынатыны туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік комитеті төрғасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлімдеген болатын. Онда Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан қалалар арасында блокпостарды алып тастау шешіміне сәйкес, 5 маусымнан тасымалдау шараларын жандандыру бойынша жұмыстар іске асырылады.

Өз кезегінде әкімдіктер көлік процесіне қатысушыларды жолаушылар тасымалы кезінде коронавирустық инфекцияның алдын-алудың тиімді шарасы бола алатын алгоритмге сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды, – делінген. Осыған орай, 31 мамыр күні, кешкі сағат 20.00-ден бас-тап Жамбыл облысы мен Алматы облысы арасында орнатылған блок-бекет ашылып, көлік қозғалысына толықтай рұқсат берілді. Бекеттердің ашылуы алдында облыс шекарасына арнайы барған аудан әкімі Рүстем Дәулет пандемия басталып, елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері және карантин кезінде тәртіп мен халық денсаулығы күзетінде болған жандармен кездесіп, риязыз қызметтері үшін ризашылығын білдіріп, бекеттерде тәулік бойы жұмыс істеген ішкі істер бөлімі қызметкерлеріне, дәрігерлерге, санитарларға және жергілікті атқарушы орган мамандарына, жалпысы 30-ға жуық адамға Алғыс хаттар ұсынды.

«Өздеріңізге жүктелген абыройлы да жауапты қызметтеріңізді жоғары деңгейде атқарып, пандемияға қарсы еткен еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін», – деді Рүстем Рысбайұлы.

Жалпы аудан бойынша төтенше жағдай кезінде барлығы тоғыз блок-бекет орнатылып, аталмыш нысандар тиісті құрал-жабдықтарымен толықтай қамтылған болатын. Онда жүзден астам тәртіп сақшысы, 16 дәрігер, 9 санитарлық қызмет мамандары және аудан әкімдігінің қызметкерлері жұдырықтай жұмылдып, қауіпті кеселге қарсы тұрған еді.

Ішкі істер және денсаулық сақтау саласы қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді және адамдарға қиын уақытта көмек көрсетті, олардың денсаулығын қорғауда алдыңғы шепте тұрды. Тек бірлесіп қарсы тұрудың арқасында ғана коронавирус індетінің жаппай жұқтырылуына және көбеюіне жол берілмеді.

Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, бекеттерде коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі іс-шараларға тікелей қатысқаны үшін осы күні бірқатар полиция қызметкерлері Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.