home
home home

Біздің чемпиондар

Біздің чемпиондар

 

Осы жылдың 16-17 наурыз күндері Жаңаөзен қаласында жасөспірімдер арасында каратэ кекушинкайдан ҚР чемпионаты өтті.

ҚР мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті мен ҚР каратэ кекушинкай KWF федерациясы ұйымдастырған чемпионатқа Астана, Алматы, Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Түркістан,  Манғыстау облыстарынан келген 600-ден астам жас спортшы қатысты.

Дүбірлі додаға Астана қаласында KWF версиясы бойынша өткен Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Варна қаласында өткен KWU Әлем чемпионатының жүлдегерлері қатысты. Бұл бәсекенің жоғары деңгейде өтуіне себепші болғаны анық.

Жамбыл облыстық федерация құрамына кіретін  Қордай кекушинкай каратэ клубының атынан 10-15 жас аралығындағы 6 спортшы қатысты.

Жаттықтырушы Рамазан Маженовтың айтуынша, біздің спортшылар жарысқа ерекше дайындықпен келді. Жаттығу барысында спортшылар күш және жылдамдықты шыңдайтын кроссфит бағдарламасы бойынша жаттыққан. Осындай дайындықтың арқасында біздің жас спортшыларымыз қарсыластарына босаңсуға мүмкіндік берген жоқ. Тартысты бәсеке нәтижесінде жерлестеріміздің бесеуі жеңіс тұғырына шықты. Атап өтсек, Нұрасыл Есенгелді алтынға ие болса, Нұрдәулет Жанарбек пен Вилаята Гусейнова күміс медальді жеңіп алып, қола жүлдені Адис Лаахунов пен Асхат Тлебалды қанжығасына салды. Бұл жетістік «БАРЫС» каратэ клубының тарихында қалатынына еш күмән жоқ. Жерлестеріміздің бұл жеңісімен құттықтаймыз!

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.