home
home home

Биылғы тестілеудің талаптары

Биылғы тестілеудің

талаптары

 

Қордай ауданы бойынша биыл ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген мектеп бітірушілердің жалпы саны 500. Тестілеу ауданымызда 2 лек бойынша, яғни маусым айының 21-і және 23-і күндері өтеді.

 

 

Нақтырақ айтсақ, І лекте тестілеуге ауданымыздың №4, 2, 3, 14, 12, 13, 50, 48, 16, 10, 24, 26, 23, 30, 31, 32, 22, 20, 21, 38, 39 орта мектептерінің оқушылары қатысса, ІІ лекте №1, 5, 47, 51, 35, 34, 7, 8, 27, 28, 29, 9, 17, 19, 41, 42, 43 ОМ оқушылары қатысады. Ағымдағы оқу жылы маусым айындағы ҰБТ-ға қатысқалы отырған бітірушілердің басым көпшілігі қаңтар, наурыз айларында ЖОО-ң ақылы бөліміне оқуға түсуге мүмкіндік беретін ҰБТ-ға қатысқан болатын. Қаңтар, наурыз айларындағыдай алдағы ҰБТ-ға да оқушылардың келіп-кетуі толық ата-аналардың жауапкершілігінде екенін ескертеміз. Яғни, ата-аналар тестілеу болатын күні (немесе бір күн бұрын туыстарының, таныстарының үйіне, қонақ үйлерге немесе т.б. орындарға орналасып) балаларын тестілеу өтетін №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясына сағат 8.00-де алып келуі тиіс. Тестілеуге қатысатын оқушылардың өзімен бірге міндетті түрде жеке куәлігі және тестке кіруге арналған рұқсат қағазы болуы тиіс.

ҰБТ қазақ немесе орыс тілінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша өткізіледі. Ал шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін ҰБТ Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша 2 пәнді тапсырады.

Тестілеуге кіргізу кезінде қол және рамалық металліздегіштер пайдаланылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металліздегіш құралдар тестілеу өткізу барысында түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа тыйым салынған заттарды алып кіруін болдырмау мақсатында қолданылады.

Тестілеу кезінде ҰБТ қатысушысына төмендегі әрекеттер жасауға тыйым салынады: ҰБТ-ны өткізу барысында оқушыларға аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын Министрлік өкілінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға, сөйлесуге, орын ауыстыруға, емтихан материалдарымен алмасуға, емтихан материалдарын аудиториядан шығаруға, шпаргалкалар, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджерлер, ұялы телефондар, планшеттер /iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон)/, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыс түрлерінің /Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары/ кез келгенін аудиторияға кіргізуге және қолдануға, емтихан материалдарын (жауап парағы мен кітапшаларды) умаждауға, корректор сұйықтығын қолдануға, беттерді жыртуға, бояуға қарастырылмаған секторларды бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлдіруге рұқсат етілмейді.

ҰБТ нәтижелері тестілеу өткізген күні ақпараттық стендте ілінеді, сондай-ақ тестілеу нәтижелерімен www.testcenter.kz сайтынан танысуға болады. Тестілеу аяқталғаннан кейін оқушы тапсырмаларының мазмұны немесе техникалық себептер бойынша тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда ережеге сәйкес апелляциялық комиссия төрағасының атына келесі күні сағат 13.00-ге дейін өтініш береді. Апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмесе (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі), 2) дұрыс жауап болмаса; 3) берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларында бірден көп дұрыс жауап болса (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі), 4) тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса; 5) тапсырма шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) табылмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмаған жағдайда;

техникалық себеп бойынша:

1) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер екі және одан көп дөңгелекше ретінде оқыса; 2) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер бос дөңгелекше ретінде оқыса; 3) жауап парағында ақау болса.

Апелляция өтініштері ҰБТ және КТ нәтижелері хабарлан-ғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия (республикалық апелляциялық комиссия) күнтізбелік бір күн ішінде қарастырады.

ҰБТ-ға қатысушылардың психологиялық тұрғыда даярлануына және тағы бір мәрте білім деңгейін тексеріп алу мақсатында маусымның 14 және 15 күндері Д.Қонаев атындағы №1 МГ аудандық сынама тестілеу ұйымдастырылатын болады.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.