home
home home

«Бірлік» (Ордабасы) монументі 1997ж

 

​ «Бірлік» монументі қазақ елі үшін береке-бірліктің бастауы іспетті. ​ «Бірлік» ескерткіші кең мағыналы, кең тынысты монументалды композиция, ол үш бұрыштан, үш бұрышы үш бидің асқақ тұлғаларын бейнелейді. Үш қырлы стела ақ мәрмәрден жасалған тақталармен қапталған. Оның әр қыры Қазақстанның әр шетіне бағытталған сияқты: Сырдария жағына – батыста, Қаратау тауларына – солтүстікте, Қазығұрт тауларына – оңтүстік-шығыста. Стеланың әр қырында үш ұлы бидің айтқан сөздері жазылған тақтайшалар бар.​ 1997 жылы 19 қыркүйекте монументтің құрылыс жұмыстары аяқталып, ашу салтанатына Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысты. Ескерткіштің биіктігі 28 метр, негізгі ені 8 метр. Ордабасы тауының қойнауында 1726 жылы Орда тігіліп, қазақтың үш жүзінің игі жақсыларының басы қосылып, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске халықты жұмылдыру жайы талқыланды.​ Осы кезден бастап-ақ, ол киелі, әулиелі жер саналып келеді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта