home
home home

БІРЛІГІ БЕКЕМ ҚОРДАЙ ЖЕРІ

БІРЛІГІ БЕКЕМ ҚОРДАЙ ЖЕРІ

 

Елімізде ынтымақ пен бірлік күні мерекесі қашанда ерекше аталып өтеді. Себебі, көпұлтты мемлекетіміз «Береке бастауы бірлік» қағидасын берік ұстанады. Татулық және достастық жолына Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесі ұшан-теңіз. Бұған барша қазақстандықтар Ассамблеяның XXVII съезінде атқарылған жұмыстарды тыңдап, тағы бір мәрте куә болды.

Қордай жерінде отыздан астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекен ететіні баршаға мәлім. Бүгінгі таңда олар тоғыз этномәдени бірлестікте ұйысып,   этносаралық келісімнің нығаюы мен қазақстандық патриотизмді дамытуға өзіндік үлестерін қосып келеді. Сондықтан да, олардың ынтымақ пен бірлік жолындағы еңбектері еш уақытта да елеусіз қалған емес.

Осы орайда «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангозов осы бірлестік жетекшілерімен кездесіп,  бірлігі бекем Қордай жерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына этномәдени бірлестіктердің қосқан үлесі ерекше екендігін атап өтті.

– Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Еліміздің басты қозғаушы күші болған татулық пен этносаралық үйлесімді сақтау жолында аянбай еңбек етіп, аудандағы ұлтаралық келісімді нығайтуға атсалысқандарыңыз үшін сіздерге алғыс айтамын, – деген аудан әкімінің орынбасары аудан басшысы Болатбек Байтөленің құттықтауын жеткізіп, әр жетекшіге арнайы сыйлық пен гүл шоқтарын табыстады. Өз кезегінде келген қонақтар бір-бірден сөз алып, аудан басшылығына ризашылықтарын айтып, өздеріне артылған жауапкершілікті абыроймен атқара беретіндеріне сенім білдірді. Сонымен қатар, олар елімізге татулық, ашық аспан мен бейбітшілік тілеп, көпшілікпен бірге естелікке суретке түсті.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.