home
home home

Бірлесе жеңіске жетеміз

Бірлесе жеңіске жетеміз

Ағымдағы жылдың 8-ші шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты халыққа үндеу жасаған болатын. Онда Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлерге, жергілікті әкімдіктерге, білім саласына және жастарға нақты тапсырмалар берген еді.

Құрметті жерлестер! Барлығымыз ел алдында тұрған сын сағатта бірлікте болып,  «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» тұрмысы төмен ағайынға қол ұшын созып, бейбіт және қауіпсіз өмір үшін әрқайсымыз жауапты екенімізді ұмытпайық. Әлемді әбігерге салған қатерлі індет салдарынан атпал азаматтарымыздан айырылып қалудамыз. Бүгінгі күні қара жамылған отбасыларға Қордай аудандық мәслихатының депутаттары атынан көңіл айтамыз, қайғыларыңызға ортақпыз.

Құрметті қордайлықтар! Дәрігерлер ұсынған санитарлық талаптарды сақтап, тәртіпке бағынсақ рухы биік дана ұлтымыз бұл індетті жеңіп шығарына сенім мол. Туған өлкеміздің дамуы жолында еңбек етіп, биік белестерді бірге бағындырайық.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.