home
home home

«Бірге – таза қазақстан»

«Бірге – таза қазақстан»

Жағажайлар тазарып,

ағаштар әктелді

Сенбі, 27 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы-

мен бүкіл Қазақстан аумағында «Бірге – Таза Қазақстан» атты республикалық

акциясы аясында экологиялық сенбілік өтті.

Аудандағы барлық мекеме ұжымдары мен тұрғындар атсалысқан сенбіліктің серпінді болғанын айта кеткен жөн. Туған өлкенің тазалығы үшін ұйымдастырылған акция барысында негізінен өзендер мен демалыс жағажайлары және жолдар мен арықтар тазартылды. Мәселен, осы күні ауданнан өтетін республикалық Алматы-Бішкек, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың бойы тазартылып, жағалай өскен ағаштардың қурағандары шабылып, жан-жағы қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, аудан орталығындағы тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналған «Саяхат» көлінің маңы, Бетқайнардағы арнайы жағажай маңы тазартылып, ретке келтірілді. Сенбілікке белсене араласқандар қатарында аудан әкімінің аппараты, бөлімдер, аудандық мәслихат аппараты мен ауылдық округ әкімдіктері және әлеуметтік жұмысшыларды ерекше атап өтуге болады. Белсенді азаматтардың арқасында осы күні 2200 ағаш бұталып әктелсе, 52 шақырым арық тазаланып, 62 тонна қоқыс шығарылған. Қысқасы, мыңнан астам адам жұмылдырылған сенбілікте атқарылған жұмысқа қандай мақтау айтса да жарасатындай.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.