home
home home

«Бір шаңырақ астында»

«Бір шаңырақ астында»

 

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері  береке-бірлік, татулық  қағидаларын берік ұстанып келеді. Қазақ халқының өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарап, қамқорлық танытуы – соның айғағы. 1995 жылдың  18 қазанында  Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша  1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланған болатын. Сол уақыттан бері бұл күн елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтілетін айрықша мерекелер қатарына енді. Ынтымақ күнінің қарсаңында ауданымызда да ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Солардың бірі – дүйсенбі күні аудандық мәдениет үйінде өткен «Бір шаңырақ астында» атты Достық фестивалі. Әлем мәдениетінің айнасы іспеттес болған бұл шара  биыл да жалғасын тауып, ауданымыздағы барша  ұлт пен ұлыстың өнерін бір сахнада тоғыстырды. Салтанатты кештің шымылдығы тар жол, тайғақ кешу заманында өзге ұлт өкілдерін бауырына басқан қазақ халқының қамқорлығы жайлы қойылыммен ашылды. Концерт барысында жекелеген орындаушылардан бөлек, халықтық «Соседушки» фольклор ансамблі, «Ромашки» вокалды тобы, халықтық «Аққу» би ансамблі өнер көрсетті. Мерекелік думанның соңында өзге ұлт өкілдері  қазақстандықтардың екінші әнұранына айналған «Атамекен» әнін орындап, қалың көпшіліктің патриоттық рухын оятты.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.