home
home home

Бір шаңырақ астында

Жамбыл облысында «Қайырымдылық керуені» акциясы бастау алып, ауданымызға ат басын бұрған керуен мүшелері Қайнар ауылында қалың көпшілікпен кездесті.

Айта кетсек, іс-шара Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыс әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе ұйымдастырылған. Керуен құрамына этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, облыстық аналар кеңесінің төрайымдары, ақсақалдар, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары, аудандық сот өкілдері мен медиаторлар кірді. Қонақтардың тұрғындармен кезекті кездесуі мағыналы өтіп, маңызды мәселелер жан-жақты қаралды. Мәселен, қоғамдық келісім кеңесі мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері ауылдық мәдениет үйінде жастарды Қазақстан халқы Ассамблеясының «JASTAR JYLY-DANGYL ZHOL» жобасын іске асыру барысымен таныстырып, сауалнама жүргізді. Естеріңізге сала кетсек, ауданымызда «Қоғамдық келісім» КММ маманы С.Насыров басқаратын «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы қызмет етеді. Мұнымен қатар, жиын барысында «Қазақтану» жобасы аясында «Қазақтың дәстүрлі құндылықтары: отбасындағы әйелдер образы және тәрбие» атты аналар кеңесінің дөңгелек үстел отырысы өтті. Сондай-ақ, «Медиация – ел бірлігінің негізі» тақырыбында медиаторлармен дөңгелек үстел отырысы, «Қазақстан Республикасының этномәдени саясатының жалпы тәсілдері мен негізгі принциптері» тақырыбындағы аймақтық семинар ұйымдастырылды. Тарқата айтсақ, Жамбыл облыстық аналар кеңесі төрайымының орынбасары Аракси Плетнева қазақстандық отбасындағы аналардың рөлі мен міндеттері турасында айтып, қиын өмірлік жағдайға тап болған жас аналар жарты жыл бойы көмек алып, оңалту шараларымен қамтылатын Тараз қаласындағы аналар үйі туралы ақпарат берді. Жиын барысында тұрғындар тарапынан балаларға құжат пен жәрдемақы алу сынды сұрақтар түсті. Ал, ақсақалдар кеңесінің отырысында өскелең ұрпақты қазақстандық төзімділік үлгісін жетілдіру рухында тәрбиелеу, этносаралық келісімді қамтамасыз ету, қоғамда руханият, келісім және бейбітшілікті нығайтуда аға буын әлеуетін қолдану сынды мәселелер қаралды. Медиаторлар кеңесінің мүшелері өз кезегінде медиацияның маңызын түсіндіріп, бітістіру рәсімдері мен медиацияға қоғамда оңды көзқарас қалыптастыру туралы айтып өтті. Биылғы жыл Жастар жылы болып жарияланғандықтан медиаторлар белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруды жастардан бастауды жөн көріп, жастардың медиативті құзыреті негіздері бойынша тренингтер өткізуді жоспарлап отыр. Ал, «Бейбітшілік және келісім керуені» акциясы барысында қолөнер шеберлерімен кездесулер өткізіліп, қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі В.Майкович «Жаңғыру жолы» бағдарламасы аясында этностардың ұлттық кодын сақтау мақсатында қолөнер шеберлері туралы материал жинау жұмыстарын жүргізуде. Бұл тұрғындардың салт-дәстүрге қызығушылығын тудыруға себеп болмақ. Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптама бөлімінің мамандары «Қазақстан Республикасының этномәдени саясатының жалпы тәсілдері мен негізгі принциптері» атты аймақтық семинар өткізді. Мұнда мемлекеттік мекеме қызметкерлері, дін істері жөніндегі мамандар, тілдерді дамыту бойынша сарапшылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынас саласында мемлекеттік саясатты іске асырудың барысы туралы баяндап берді. Сонымен бірге, облыстық этномәдени бірлестіктердің мүшелері бес аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеттерін ұсынып, қайырымдылық көмек көрсетті.

– Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен көптеген қайырымдылық іс-шаралар өткізілуде. «Әрбір қайырымды істің қайыры бар» демекші, бүгін біз бес көпбалалы отбасыға көмек көрсеттік. Қайырымдылық керуені қоғамда ізгілік, адамгершілік және риясыз көмек қағидаларын нығайтуға себеп болады. Бұл қоғамдық келісім және жалпы ұлттық бірліктің негізі, – деді облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта