home
home home

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БИІК БЕЛЕСТЕР

2020 жылы ауданымызда ҚР «Білім туралы» Заңы мен Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бюджет есебінен салаға 18 млрд 481 млн 526 мың теңге бөлініп, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 5 млрд 526 млн 650 мың теңгеге артты. Бөлінген қаражатқа жоспарлы жұмыстармен қатар, ауқымды құрылыс та жүргізілді. Мысалы, Қарасай ауылдық №20 орта мектебіне 225,3 млн теңгеге, Ауқатты ауылдық №9 орта мектебіне 239,6 млн теңгеге, Әлжан ана ауылдық №23 орта мектебіне 317,4 млн теңгеге және Сұлутөр ауылдық №38 орта мектебіне 176,9 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек Ноғайбай ауылындағы №35 орта мектепке 42,8 млн теңгеге жылыту қазандығы салынса, №23, №24, №26 орта мектептер мен Сарыбұлақтағы «Темірлан» балабақшасының қазандықтары газға ауыстырылды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.