home
home home

Білім алу – әрбір мұсылманға парыз

 

Өкінішке орай, әлемдегі экстремистік және террористік қозғалыстардың күшеюі қоғамға қауіп төндіріп, дін атын жамылған азаматтардың теріс әрекеті ислам дініне көлеңкесін түсіріп жатқаны шындық. Осындай сәтте теріс ағым жетегінде жүргендердің арбауына елігіп кетпеудің бірден бір жолы – білім.

Радикалды көзқарастың таралуының басты себептерінің бірі – діни сананың қалыптасып үлгермеуі десек қате айтқандық болмас. Діни сананы қалыптастыру үшін білім алудың маңызы зор. Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының сауатын ашатын Алла тағаланың адамға берген үлкен сыйы. Расында, ислам дінінің адам баласына қоятын ең басты талабы – білім алу және іздену. Осы тақырып аясында және өзге де дін саласындағы өзекті мәселелер турасында аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері сейсенбі және сәрсенбі күндері бірнеше кездесу өткізді. «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында, орталық ауруханада және бірнеше мекемеде өткен жиындарға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары және жастар қатысты.

Дін саласындағы аудандық ақпараттық түсіндіру тобының құрамына кіретін аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Дәурен Құттыбаев, «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының директоры Ғалымжан Шерниязов және ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Баян Ыбышева маңызды тақырыптарға кеңінен тоқталды. Діни сауаттылық, экстремизм және терроризмге байланысты тақырыптар тыңдаушыларға қызықты болды деп айтуға негіз бар. Кездесулерде тыңдаушылар белсенділік танытып, дінге қатысты сұрақтарын қойып, дін мамандарынан жауаптарын алды.

Дәурен Құттыбаевтың айтуынша, білім алу – әрбір мұсылманға парыз. Бүгінде орын алып жатқан түрлі келеңсіз оқиғалардың түп негізі осы діни сауаттылықтың болмауынан туындайды. Еліміздің азаматтарының біразы діни сауат алудан тартынатыны жасырын емес. Оның басты себептерінің бірі – радикалды көзқарастағы адамдардың жағымсыз әрекеттерінен болса керек. Себебі, ондай азаматтар әу бастан өздерінің агрессияшыл іс-әрекеттерімен көзге түседі. Алдымен олар дінге сенуші басқа азаматтардан ұлттық салт-дәстүрге сай келмейтін киім кию үлгісі, жүріс-тұрысы сияқты сыртқы келбетінің өзгешелігімен ерекшеленеді. Радикалданған адам дәстүрлі ұлттық рухани құндылықтарды, қалыптасқан жергілікті діни тәжірибені жоққа шығарып, мойындамайды. Оның бәрін «дінге жаңашылдық енгізу» деп қабылдайды. Соның салдарынан радикалданған азаматтар қоғамдағы әлеуметтік-рухани, экономикалық-саяси өмірден баз кешіп, жат идеологияның қолшоқпарына айналып жатады. Олардың мұндай әрекеттері дәстүрлі дінді ұстанушы азаматтарға кері әсерін тигізетіні түсінікті.

Осы секілді себептерден жалпы ислам дініне нұқсан келтіріліп, зиян тиюде. Ата-бабамыз ұстанған хақ жолы бүгінде кейбіреулердің әрекеттерінен шошынып кеткендерге жат көрінеді. Ал, осының барлығының ара-жігін ажыратып, ненің хақ ненің жалған екенін ажырата білу үшін діни сауаттылықты арттыру қажет. Әсіресе, жастар еліктегіш келгендіктен жат ағымдардың арбауына тез көнеді. Осыған орай, аудандық ақпараттық түсіндіру тобы тұрғындар арасында әр түрлі ақпараттық шаралар өткізуді қолға алып келеді. Екі күн ішінде өткізілген іс-шараларда Дәурен Құттыбаев және Ғалымжан Шерниязов діни радикализмнің қаупі туралы түсіндіріп, таза діннен алдамшы бағыттарды айыра білуге, жастардың дін туралы сауаттылығын жоғарлату қажеттігін насихаттады. Арнайы бекітілген жоспарға сәйкес, бұл жұмыстар жалғасын


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.