home
home home

Бетперде тағуды ұмытпаймыз!

 

Коронавирус пандемиясының жергілікті жерде таралуы мен алдын-алу мақсатында құрылған аудандық мобильді топ мүшелері өткен сәрсенбіде күшейтілген режимде рейдке шықты. Аудан әкімінің орынбасары Б. Жамангозов бастаған бақылау тобы сағат 20.00-ден бастап аудан орталығындағы шағын және ірі сауда орындары мен тойханаларға, кафелерге зерделеу жұмыстарын жүргізді.

 

Соңғы уақытта қордайлықтар арқаны кеңге салып, қауіпті індеттің алдын алу бойынша қойылған талаптарды сақтауды ұмыта бастаған сияқты. Әрине, бұл аудандық мобильді топ мүшелерінің алаңдаушылығын тудырып отырғаны анық. Ең қарапайым бетперде тағу сынды талапты орындағысы келмейтіндер, түрлі сылтау айтатындардың көп екенін де білеміз. Ал, рейд барысында осындай жандар да кездескені жасырын емес. Әр сауда орнына барған топ мүшелері кафе, дүкен әкімшілері мен қызметкерлеріне санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін тағы бір мәрте ескертіп, дүкенге келген тұрғындарға да сақтық шараларына атүсті қарамауға шақырды.

Мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын табады және де карантин талабын бұзып, санитарлық талаптарды сақтамағандарға салынатын айыппұл көлемі де қомақты екені барша аян.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.