home
home home

Берік отбасы – берік мемлекет негізі

 

Осы күні аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозовтың төрағалығымен әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері бойынша комиссия отырысы өтті. Жиынға бөлім және мемлекеттік мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, дін саласының өкілдері шақырылды.

 

 

Жиынның күн тәртібіне шығарылған сұрақтар бойынша ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Баян Ыбышева сөз алып, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды алға тартты. Баяндамашының мәліметінен белгілі болғандай 2020 жылдың 9 айында аудандық сотқа ажырасу туралы 71 арыз түсіп, аудандық комиссия 43 арызды зерделеп, психологтар мен медиаторлардың арқасында 12 отбасы бүтін қалған. Ал, 28 арыз қаралу үстінде. Сонымен бірге баяндамашы 19 ауылдық округте әйелдер кеңестері жұмыс істейтінін, егер отбасында қандай да бір проблема туындағанда әйелдерге көмек көрсетілетіні туралы айтып өтті. Оған қоса қажеттілік туындаған жағдайда ауылдардағы билер кеңесі мен ауылдық округ әкімдері жұмысқа қосылады. Жиын барысында 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндамасын Қаракемер ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы А.Нұрмахамбетова ұсынды. Сонымен қатар кеңестер жұмысын жақсарту және әйелдерді бизнеске тарту жөнінде әр түрлі пікірлер мен ұсыныстар талқыға салынып, отырыс нәтижесі бойынша қатысушылар өзара әрекет ету және отбасы институтын нығайту қажеттілігі туралы ортақ ойға келді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.