home
home home

Белсенді жастар жұмысқа тартылуда

Белсенді жастар жұмысқа тартылуда

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан, ел тірегі – жастар екенін әсте естен шығармағанымыз абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі де өте зор. Жаңа 2019 жыл қазақстандық жастар үшін ерекше жыл болып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында оны – «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Ал қаңтар айында Елбасының қатысуымен «Жастар жылы» салтанатты түрде жария етілді.

Осындай нық қадамды қолдау мақсатында Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, біраз жұмыстарға білек сыбана кіріскелі отыр.

Айта кетсек, 2019 жылдың 1 сәуір күні «Ауылдың гүлденуі, Қазақстанның гүлденуі» атты аудандық акциясының аясында «Жасыл ел» жасағының  жастары бас қосты. Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты – жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елді мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы – жылына қаншама жастарды осы істерге тарта отырып, жұмыссыздықты төмендету, бос уақытында студенттерді және жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу сынды аса мәнді істер жатыр. Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған «Жасыл ел» бағдарламасы биыл ауданымызда жетінші жыл қатарынан жүзеге аспақ. Оған 57 жас тартылып отырған жайы бар.

– Басты мақсат –  Елбасы Жолдауын қолдау, жастарды жұмысқа орналастыру. Сондықтан, жұмыс істеймін деген жасқа ешқандай кедергі жоқ. Қазірдің өзінде студенттермен бірге жұмысы жоқ жастар келіп, тіркеліп жатыр. Яғни, еңбек еткісі келетін 16 мен 29 жас аралығындағы азаматтар «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне хабарласуына болады. Жұмыс сәуір айынан мамыр айының соңына дейін жалғасады. Тегін көлік ұйымдастырылып, киіммен қамтамасыз етілетін болады, – дейді жастар орталығының басшысы Расул Беделбаев.

Аталмыш бағдарла-ма аясында жұмыс атқарып отырған жастарымыз бүгінгі күнде көшелерді қоқыстардан арылтып қана қоймай, арық бойларын тазалап, футбол стадиондарын ретке келтіруде. Қураған ағаштарды кесіп, тас жол жиектерін әктеп, ауыл ішін қоқыстан тазалау сияқты игілікті жұмыс атқару барысында үлкен белсенділік көрсетуде.

«Жасыл ел» жасақшыларының ұйымдастыруымен бүгінгі күнде ауылдарда көптеген акциялар, қамқорлық шаралары өткізілуде.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта