home
home home

Бейнекамералар іске қосылды

Цифрлы Қазақстан

Бейнекамералар іске қосылды

«Қауіпсіз аудан» бағдарламасы аясында аудан орталығында көлік құралдарын тіркеу мақсатында автоматтандырылған бейнебақылау камералары орнатылды. Жол қозғалысын бақылауға арналған камералар төрт жерде, яғни Жібек жолы-Уәлиханов, Өтеген-Амангелді көшелерінің қиылысында, Жібек жолы көшесінің бойындағы «ССС» кешенінің маңында, Жібек жолы көшесінің Алматы қаласына шыға беріс тұсында орнатылған.

Айта кетсек, аталмыш шара автоматтандырылған режимде жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеуге, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Мұнымен қоса, «ақылды» құрылғы оқиғаның ізін суытпай қылмысты ашуға, оларды шұғыл түрде анықтауға мүмкіндік береді. Ендеше жол жүру ережесін белшесінен басқан әрбір жүргізуші заң аясында жауапкершілікке тартылатын болады.

Жаңа орнатылған камералардың көрсету мүмкіндігі жоғары. Ол арқылы автокөліктің салонын, тіпті жүргізушінің қолындағы жүзікті көруге де болады. Егер жүргізуші көлікті қауіпсіздік белбеуінсіз не болмаса ұялы телефон қолдана отырып басқарса мұның бәрі тіркеліп, оған айыппұл салынады. Сонымен қатар, көліктің сөндірулі жарығы, стоп-сызыққа немесе бағдаршамның қызыл түсіне жүру, жылдамдықты асыру сынды әрекеттер камераға түспек.

Аталмыш жүйе аудандағы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізбек.

Ескерту: Камералар 2019 жылдың 14 қаңтарынан бастап толық режимде іске қосылады.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.