home
home home

Бейбітшілік пен келісім жобасы

 

Осы аптада ауданға келген «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу» тобының мүшелері бірнеше елді мекендерді аралап, халықпен кездесу жұмыстарын жүргізді. Бейбітшілік пен келісім жобасы аясында құрылған топ тұрғындардың тұрмысын, әл-ауқатын зерделеп, проблемалық мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.

 

Бұл жолы «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу» тобы Сортөбе, Масаншы, Ауқатты және Қарасу ауылдарында болды. Әдеттегідей бірінші кезекте ауыл тұрғындарының қатысуымен жиналыстар өтіп, кейіннен қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Жиын барысында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков өздерінің келген мақсатын түсіндіріп, Президенттің 1 қыркүйек күні Қазақстан Халқына арнаған Жолдауынан туындайтын мәселелерге тоқталды.

Өз сөзінде Жорабек Баубеков әлеуметтік мәселелердің ішіндегі өзектісі – жұмыссыздық жайы, сонымен қатар зейнетақы, бірыңғай жиынтық төлем, қысқа мерзімді кәсіптік білім беру мәселелеріне қатысты ақпаратты тарқата айтты.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.