home
home home

Батырларға тағзым

Батырларға тағзым

Осы күні аудан әкімінің орынбасары Болат Саниязов пен аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы Баян Қарамолдаева да бірқатар аудан ардагерлерін құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.

Әуелі соғыс ардагері Г.Охматтың үйіне ат басын бұрған Болат Қаниұлы мен Баян Нәзікеқызын батыр қарияның өзі есік ашып күтіп алды. Қолында таяғы бар демесеңіз, ардагер ақсақал ширақ қимылдайды. Осылайша, әңгіме-дүкен құрған ақсақал келген қонақтарға сонау өткен соғыс жылдарындағы естеліктерін айтып берді. Көне жәшігінен сол уақыттағы суреттерін көрсетіп, әр суреттің тарихына тоқталып өтті. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагері аудан әкімдігінен келіп жатқан көмекті, бөліп жатқан көңілдеріне разы екенін айтып, алғысын жеткізді. Өз кезегінде Болат Саниязов пен Баян Қарамолдаева сөз алып, ардагер ақсақалды Жеңіс мерекесімен құттықтап, деніне саулық тілеп, азық-түлік себетін ұсынды. Осыдан кейін құттықтаушы топ соғыс ардагері Абай Тойғұловтың үйіне барды. Жасы тоқсаннан асқан қария төсек тартқанына көп уақыт та болмапты. Үй иесі ретінде қонақтарды батырдың баласы Сәкен мырза күтіп алып, төрге шығарып, Абай ақсақалдың қасына апарды. Әлсін-әлсін еститін ардагер қонақтарды жүздеріне қарап-ақ таныды. Болат Қаниұлы мен Баян Нәзікеқызы қарияға сый-сияпатын табыстап, аудан жұртшылығы атынан алғыс білдірді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта