home
home home

Басты байлық – денсаулық

 

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, денсаулық сақтау саласында тәжірибесі мол мамандар мен дәрігерлер қандай да бір ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған жөн екенін алға тартады. Бұл тұжырым күллі әлемді әбігерге салып, мыңдаған адамға зардабын тигізген коронавирус індетіне де тікелей қатысты екен. Сондықтан біз мамандардың ойын біліп, сақтық шараларын тағы бір мәрте пысықтау мақсатында аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Гүлнар Сатыбалдинамен жолығып, өзекті мәселе төңірегінде жиі туындайтын сұрақтарға жауап алдық.

-Гүлнар Рахымбайқызы, барша адамзат баласына қауіп төндіріп, үрей салған пандемия кезінде тұрғындардың ең әуелі қолға алуы тиіс негізгі шараларға тоқталып өтсеңіз?

-Иә, қауіпті індетің талайды сан соқтырып, әбігерге салғаны рас. Дейтұрғанымен мұндайда ең бастысы мамандардың ұсынысына құлақ асып, шектеу мен сақтық шараларын бұлжытпай орындаған абзал. Ал, тұрғындардың қолға алар шараларына келер болсақ, жағдайдың үш ықтимал жолын жеке-жеке қарастырған жөн:

  1. Егер деніңіз сау және айналаңызда жіті респираторлы вирустық инфекция немесе коронавирус инфекциясымен (ЖРВИ/КВИ) ауырған науқастар жоқ болса. Онда шектеу шаралары мен жеке гигиена шараларын сақтағаныңыз жеткілікті. Мәселен, көпшілік жиналатын орындарға бармаңыз, адамдармен (бірге тұратын адамдардан басқа) тығыз байланыста болудан аулақ болыңыз. Бөгде азаматтармен шамамен екі метр арақашықтықты сақтаңыз. Қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі болған жағдайда оны да пайдаланыңыз. Мүмкіндігінше азық-түлік пен тауарларды дүкенге бармай үйге тапсырыспен алғызыңыз.

Егер көпшілік жиналған жерге баруға мәжбүр болсаңыз, кеңсе мен таксиде бетперде тағыңыз. Бетпердені екі сағат сайын ауыстыру қажет. Қолыңызды жиі сабынмен жуыңыз. Үйге қайтып келгеннен кейін бетіңіз бен мұрын қуысын жуыңыз.

Міндетті түрде жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Санитайзер мен гигиеналық майлықтарды пайдаланыңыз. Бөлмені жиі желдетіп, бөлмедегі ауа құрғақ болып жатса ылғалдауыш құралдарын қоланыңыз.

Қажетті мөлшерде сұйықтық ішуге тырысыңыз: ересектер – тәулігіне 2-2,5 литр, бір жасқа дейінгі сәбилер – ана сүті, 1-5 жас аралығындағы балалар – шамамен 500-600 мл, алты жастан кейін – туәлігіне 1 литр. Үй жағдайында әзірленген компот, морс, қайнатылған жылы су ішкен абзал, ересектерге газдалмаған минералды су немесе әлсіз минералды су ішуге болады. Суды аз мөлшерде жиі ішіп тұрыңыз.

Мұрынның шырышты қабығын ылғалдаңыз – күніне 3-4 рет мұрынға физиологиялық ерітінді немесе теңіз тұзының изотониялық ерітіндісін тамызыңыз.

Ақуызы мол тағамдармен, ет сорпасымен, көкөністермен, жемістермен, жасұнықпен тамақтаныңыз.

Сонымен бірге алдын алу шараларына аллергия жоқ болған жағдайда «Д3» және «С» дәрумендері бар препараттарды қосыңыз.

  1. Егер деніңіз сау болса, бірақ айналаңызда ЖРВИ немесе КВИ ауырған науқастар болса. Үрейленбеңіз және 14 күнге оқшауланыңыз. Жағдайыңызды бақылаңыз.

Мүмкіндігінше дүкенге бармай, көше немесе өзге қоғамдық орындарда серуендемеген жөн.

Қол гигиенасын сақтаңыз. Бірреттік майлықтарды қолданыңыз, туған-туыстармен араласуға тура келсе арақашықтықты сақтаңыз және бетперде тағыңыз.

Үйлестірілген тағам, су ішу тәртібі, «Д» және «С» дәрумендерімен алдын алу шараларын жасаңыз. Мұрын жолдарын ылғалдау қажет.

ЖРВИ белгілері анық байқалған жағдайда үйде болып, емханаға қоңырау шалыңыз. Содан кейін ЖРВИ белгілері болғандағыдай тактика ұстаныңыз.

  1. Егер ЖРВИ немесе КВИ белгілерін сезсеңіз.

Вирустық жұқпаның жеңіл түрі болса үйде болу қажет (үй карантині), мүмкіндігінше жеке бөлмеге оқшаулану қажет. Емханаға қоңырау шалып, денсаулық мониторингін жүргізіп, емханадағы жетекшілік етуші дәрігермен байланыста болу қажет.

Өз бетімен ауруханаға немесе тест, қан тапсыру үшін зертаханаға бару, қадағалаушы дәрігердің жолдауынсыз рентген жасаудың қажеті жоқ. Вирустық жұқпаның клиникалық белгілері болса, пандемия кезінде олар оң немесе теріс тестке қарамастан коронавирустық жұқпа ретінде бағалануы мүмкін.

Дене қызуын үш сағат сайын өлшеңіз. Белгілердің пайда болуын немесе күшеюін қағазға жазып алыңыз (тамақтың жыбырлауы, жөтел, түшкіру, әлсіздік, тершеңдік, дененің және бұлшықеттердің сырқырап ауруы, бас ауруы, дәм, иіс сезбеу, іш өту).

Жартылай төсек режимі, жеткілікті мөлшерде бөліп сұйықтық ішу (1 кг салмаққа 30 мл). Жеке ыдыс-аяқ, сүлгі қолданыңыз, бөлмені желдетіп тұрыңыз.

«Д» және «С» дәрумендерін қолданыңыз, мұрынды жиі физиологиялық ерітінді немесе теңіз тұзының изотониялық ерітіндісімен тазалап тұрыңыз.

Алғашқы бес күн ауру белгілерін қадағалаңыз. Бес күннен кейін дене қызуы 380С сақталса, әлсіздік, физикалық жүктеме болған жағдайда ентігу пайда болса, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз. Дәрігер кем дегенде 5 күнге  бактерияға қарсы терапия және қызуды түсіретін препарат тағайындап, ауруханаға жатқызуы мүмкін.

Бактерияға қарсы терапия барысында пробиотик немесе синбиотик қабылдаңыз.

Белгілердің нақты белгілерінің мониторингі жүргізілген жағдайда ауруды бақылау және емді жоспарлау оңай. Жағдай нашарлаған жағдайда міндетті түрде дәрігерге хабарлаңыз, ол емді әрі қарай емдеу тәсілі туралы шешім қабылдау үшін белгілерді тіркеу парағын ұсыныңыз.

-Дене қызуы көтерілген жағдайда қандай дәрі қабылдау керек?

-Балалардың асқын қызуын емдеу хаттамасында қызуды түсіретін тек қана екі дәрі көрсетілген. Олар: ибупрофен және парацетамол. Басқа дәрінің керегі жоқ. Бұл 1993 жылдан бастап ДДСҰ-мен мақұлданған халықаралық ұсыныс. Қазақстандық Covid-19 емдеу хаттамасында дене қызуын түсіру үшін балаларға да, сонымен қатар ересектерге де ибупрофен және парацетамол ұсынылған.

Ибупрофен препараттарының максималды тәуліктік дозасы дене салмағына қарай 20-30 мг/кг болғанда дене салмағына қарай 5-10 мг/кг дозасы ұсынылған. Сонымен бірге парацетомолға қарағанда ибупрофеннің қабынуға қарсы әсері бар. Қазақстанда ибупрофен жиі қолданылады, ол ересектер үшін желатинді қапшық түрінде, балалар үшін әртүрлі дәмі бар суспензия түрінде өндіріледі. Парацетомолдың максималды тәуліктік дозасы дене салмағына қарай 60 мг/кг болғанда дене салмағына қарай 10-15 мг/кг дозасы ұсынылған.

-Дене қызуын қай кезде түсіру қажет?

-Дене қызуы вирус, бактерия, паразиттердің енуіне ағзаның қорғаушы механизмі болып табылады және эндогенді (өзінің) интерферонды өндіруге себепші болады. Дене қызуы жас ерекшелігіне қарай ұйғарынды көресткіштерден асып кетсе, оны түсіру қажет.

Балалардың дене қызуын қай кезде түсіру қажет:

-үш айға дейінгі жас аралағындағы балаларға дене қызуы 38-ден асып кетсе;

-үш айдан асып кеткен дені сау балаларға – дене қызуы 39-дан асып кетсе және/немесе жайсыздық, бұлшықеттердің сырқырауы мен бас ауруы болғанда;

-баланың анамнезінде фебрильдік тырысу болса – дене қызуы 37,5-38 асып кетсе;

-жүрек, өкпе, орталық жүйке жүйесінің аурулары бар балаларға – дене қызуы 37,5-38 градустан асып кетсе.

Ересектердің дене қызуын қай кезде түсіру қажет:

Мамандар қызуды түсіретін дәрілерді дене қызуы 38-38,5 градус болғанда түсіруге ұсыныс береді. Дене қызуы 39,5 градус болса немесе одан асып кетсе дереу жедел жәрдем шақыру қажет, себебі дене қызуы тағы бір градусқа көтерілсе жүрек, асқазан-ішек жолдары органдары, бас миы, т.б. деңгейінде айтарлықтай асқынулар пайда болуы мүмкін.

Сақтық шараларын ұстанып, өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!

-Сұхбатыңызға рахмет!


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.