home
home home

«Бастау» татулыққа бастайды

 

Қордай аудандық сотында «Бас-тау» жұмыс  тобының мүшелерімен онлайн режимінде жиын өтті. Шараға судьялар З.Әбдікерімов, М. Алиманова, аудандық билер кеңесінің мүшелері  Б.Әлімбет, Ф. Байбекова, Н.Балабойкин, Е.Егізбаев, «Бас-тау» жұмыс тобының мүшелері Т.Қабылтай, А.Керімқұлова, медиатор Л.Щербинина қатысты.

 

Судья М.Алиманова өз сөзінде жұмыс тобының қатысушыларына соттарда некені бұзу туралы азаматтық істердің санын көбейгенін айтып, бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға ресурстық қолдау көрсету бойынша белсенді  іс-қимылдардың қажеттілігін көрсететінін жеткізді.

Отбасы кез-келген қоғамның негізі болып табылады және осы институтты нығайту мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылатыны айтылды жиын барысында. Ал бұл жобаның міндеті сотта да, соттан тыс татуласу рәсімдерін белсенді қолдану және насихаттау, отбасылық жанжалдардың себептерін анықтау, ерлі-зайыптыларды татуластыру, кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау арқылы некені бұзу санын азайтуға жәрдемдесу болып табылады.

Пилоттық жобаға тек судья ғана емес, жұмыс тобының мамандары да қатысады. Сондай-ақ, шара барысында қатысушылар отбасылық жанжалдарды шешу кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады. Судьялар татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде «Отбасылық сот»  пилоттық жоба бойынша  алгоритмді  мүлтіксіз орындауды ұсынды.

 

Қордай аудандық сотының

баспасөз қызметі


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.