home
home home

Байтөле Болатбек Байқонысұлы

 

Байтөле Болатбек Байқонысұлы 1959 жылы туылған. Ұлты қазақ, білімі  жоғары.

1980 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «бухгалтерлік есеп», 2001 жылы Қырғыз-Ресей білім беру академиясын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Қордай ауданы Красногор аудандық агроөнеркәсіптік ұйымында аға экономист болып бастаған.

Қордай совхозында, К.Әзербаев атындағы совхоз-техникумда бас бухгалтер (1984-1992 ж.ж.), Қордай аудандық қаржы, мемлекеттік қаржылық бақылау бөлімдерінің (1992-1995 ж.ж.), салық комитетінің (1997-1999 ж.ж.) басшысы, Қордай ауданы әкімінің бірінші орынбасары (1995-1997, 1999-2000 ж.ж.), сонымен қатар коммерциялық ұйымдардың басшысы (2000-2012 ж.ж.) лауазымдарында қызмет атқарған.

2012-2014 жылдары Қордай ауданының әкімі, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы, 2014-2017 жылдары Қордай ауданындағы «Нұр Бұлақ» шаруа қожалығының қаржы директоры қызметтерін атқарған.

2017 жылдың 27 наурызынан бастап Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта