home
home home

Барлық сұрақ бақылауға алынды

Барлық сұрақ бақылауға алынды

Өткен жұмада ауданымызға «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев жұмыс сапарымен келді. Жұмысын қоғамдық қабылдаудан бастаған Балабек Жанбекұлы «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының мәжіліс залында БПҰ төрағалары, партия белсенділері және жасотандықтармен кездесті.

Б.Нарбаев қоғамдық қабылдауға келген аудан тұрғындарын жеке-жеке қабылдап, олардың талап-тілектері мен арыз-өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Қабылдауда азаматтардың бірқатарының мәселелері шешімін тауып, бірқатар өтініштер партияның

бақылауына алынды.

Қабылдауға қатысқан аудандық мәслихат депутаты Біржан Әлімбет Балабек Жанбекұлына өз сауалын жолдады.

– Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 3 маусымдағы №450 бұйрығына сәйкес, аудандық жедел медициналық жәрдем қызметі 2018 жылдың 1 шілдесінен облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының қарауына ауысқан. Содан бері аудан тұрғындары тарапынан көптеген мәселелер мен шағымдар туындауда. Облыстық ЖМЖ қызметінің диспетчерлері шақыру мекенжайын нақты бермей көмек кешіккендіктен науқасты құтқара алмаған жағдайлар көп орын алуда, – деген мәслихат депутаты осыған байланысты жедел медициналық жәрдем қызметін қайтадан аудандық орталық ауруханаға қайтару мәселесін көтерген еді. Маңызды мәселенің мән-жайына көңіл бөлген Балабек Жанбекұлы партия орталығы арқылы Денсаулық сақтау министрлігімен келіссөз жүргізу шараларын ұйымдастыратынын алға тартты. Осыдан кейін, Б.Нарбаев партия белсенділерімен кездесу өткізіп, оған БПҰ төрағалары мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты. Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру, партияның жарғылық және бағдарламалық мақсаттарынан туындайтын мәселелерді талқылау бағытында өткен жиында атқарылған жұмыстар мен алдағы жұмыс жоспарлары да назарға алынды. Жалпы, бүгінде ауданымызда 28 бастауыш партия ұйымы бар. Жергілікті партия филиалы жұмыстарының жүзеге асуы мақсатында аудандық партия ұйымдары ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Іс-шара барысында партияның Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев күн тәртібіндегі мәселелерді БПҰ жетекшілерімен талқылап, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Осыдан кейін, Балабек Жанбекұлы Ауқатты ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Мұндағы басты мақсат  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын Ауқатты ауылдық округінің тұрғындары арасында насихаттау, Жолдаудан туындайтын міндеттерді талқылау болды. Айта кетсек, бұл мақсатта Жамбыл облыстық ақпараттық-насихаттық тобы құрылған. Аталмыш топ жетекшісі Балабек Жанбекұлы  Президент Жолдауын ауқаттылықтарға кеңінен түсіндіріп, Жолдаудан туындайтын міндеттерді талқылады. Кездесуге қатысқан аудандық жұмысшы топ тарапынан Қордай ауданында Жолдауды жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Сондай-ақ, партия белсендісі Әділбай Семжанов сөз алып, ауыл тұрғындары қашанда Президенттің Жолдауын қолдайтынын айтты. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оған жауап берген Балабек Нарбаев еш мәселе ескерусіз қалмайтынын жеткізді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.