home
home home

Балмұздақтар таратылып, ойындар ойнатылды

                  Халықаралық балалар күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға шақыратын күн.

Осыған орай, Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне  арнап «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасымен «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік шара өткізді. Онда кітапхана қызметкерлері  бүлдіршіндер мен сәбилерді мерекелерімен құттықтап, ертегілер кейіпкерлерінің  костюмдерін киіп,  балалармен бірге би билеп, жұмбақтар жасырып,  түрлі  ойындар ойнап,  жарыстар ұйымдастырды.

Көңілді шара соңында ертегі кейіпкерлері алдын кілтті сандықты ашып, одан балаларға балмұздақ пен тәтті сусындар таратты. Балалар да қарап қалмай, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.

Сонымен қатар, Қордай аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 16 көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға мерекеге орай тәттілер таратып, ойыншықтар сыйлады.

Осында игі шаралар ауылдық округтерде де жалғасын тапты. Мәселен,  Кенен ауылдық мәдениет үйі бүлдіршіндер арасында онлайн сурет салу байқауын, Қаракемер, Степное  ауылдық мәдениет үйлерінде кішкентай бүлдіршіндерді мамандар мерекемен онлайн түрде құттықтап, концерт ұйымдастырды. Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінде адамдардың ара қашықтығын сақтау арқылы 30-ға жуық көрерменге  арнап «Сауран» атты қазақша мультфильм көрсетілді.

Қордай аудандық мүгедек-балаларды бейімдеу және оңал-ту орталығында да балақайларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Ерекше балаларды тәрбиелейтін бұл орталықтағы өткен думанды кеш көпшілік көңілінен шықты.  Орталықтың 15 тәрбиеленушісі үшін фуршет ұйымдастырылып, мамандар, ата-аналар балаларды құттықтады. Балаларды құттықтау үшін 2038 әскери бөлімінің қызметкерлері арнайы келіп, сыйлықтарын тарту етті. Іс-шара соңында «Мереке» дүкенінің басшылығы балаларға балмұздақ таратты.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.