home
home home

Балдың да талабы бар

Бал – гүл шірнелерінен, өсімдіктердің тірі бөліктерінің немесе ондағы тоғышарлық ететін жәндіктердің бөлінділерінен аралар өндірген өнім. Таза өнімді бал гүлді және шіре бал болып бөлінеді. Гүлді балара гүл ішінен және гүлден алатын шәрбат.

Бал өнімі 2010 жылы 5 қарашада № 1160 Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Балдың және ара шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. «Балдың және ара шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті Қазақстан Республикасында шығарылатын және тасымалданатын (импортталған) балға және ара шаруашылығы өнімдеріне таралады әрі өнімді өндіру, сақтау, айналымға шығару, кәдеге жарату және жою  кездегі қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

Қазақстан Республикасының аумағындағы әкелінетін және айналымға жіберілген бал және ара өнімдері осы техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес келуі керек, сондай-ақ оның қауіпсіздігі мен бақылануын растайтын құжаттармен суйемелденуге тиіс.

Техникалық регламентте сапа бақылауы органалептикалық көрсеткішпен анықталады ә) хош иісі жағымды , әлсізден күштіге  дейін , бөгде иісі жоқ; б) дәмі тәтті, жағымды, бөгде дәмі жоқ және физика-химиялық  көрсеткіші пайызбен құрғақ затқа абсолютті редукциялайтын қанттың массалық үлесі 82-ден кем емес, сахорозаның массалық үлесі 6-дан артық емес, диастазалық саны 7-ден кем емес Готе бірлік, оксиметил – фурфоролдың 25мг артық емес болуы керек. Механикалық қосындылары мен ашу белгілеріне жол берілмейді.

Балды тікелей күн сәулесі радиациясынан қорғалған үй-жайларда сақтайды. Балды улы, шаң көтеретін өнімдермен және балға оның өзіне тән емес иіс сіңдіруі мүмкін өнімдермен бірге сақтауға болмайды. Қойма, үй-жайларын таза ұстау керек, ұдайы дизенфекция және дератизация жүргізіп отыру керек. Бал мен ара шаруашылығы өнімдерін өндіруді сақтау, тасымалдау шарттары сақталған жағдайда белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде олардың қауіпсіздігі үшін жауапты болады.

Бал мен ара шаруашылығы өнімдерінің ыдысына, оларды буып-түюге және таңбалауға қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы  21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген  «Буып-түюге, таңбалауға, зат белгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Бал мен ара шаруашылығы өнімдерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес ерікті түрде жүзеге асырылады.

Техникалық регламентпен толығырақ Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтында https://www.memst kz/tr80.php танысуға болады.

 

А.Тажбенова,

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта