home
home home

Бала құқығы тапталмауы тиіс

Бала құқығы тапталмауы тиіс

Таяуда кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау  жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангозов басшылық еткен жиында бірқатар маңызды мәселе қаралып, комиссия мүшелерімен талқыланды.

 

Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, жеткіншек түрлі әрекеттердің арбауына түсіп, тура жолдан тайып кетуі мүмкін. Сол себепті қылмысқа барып, басқа да келеңсіз жағдайларға тап болады. Осы орайда, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың ата-анасының қарауынсыз, қадағалауынсыз қалуын болдырмау сынды маңызды мәселелерді қарайтын комиссия бір азаматшаның ісін қарап, талқылады. Әр жайтты ескеріп, тексеріп, оң нәтижесін анықтауға тырысқан комиссия мүшелері тиісті шешім шығарды. Отырыста сонымен қатар, екі жеткіншектің ұрлық жасау фактісі қаралып, олардың ата-аналарын жауапкершілікке тартып, бала тәрбиесін бақылауда ұстап тұру керектігі айтылды.

Жиында ауданның округтерінде кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында, түнгі кезде ойын-сауық, көңіл көтеретін орындарға жас балаларды жолатпау мақсатында меморандум жасау тапсырмасы берілді.

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.