home
home home

Бағдарлама шапағаты

 

 

 

 

 

Бүгінде үш гектар жерге қызанақ екен Ұлбала Сағындықова жиын-терін жұмыстарын бастап кеткен. Кәсіпкердің айтуынша, нарықтағы бағасын еш уақытта жоғалтпайтын «Лоджейн» сұрыпты қызанақ түрін биыл ол төртінші жыл өсіріп, мол өнім алып отыр екен. Науқандық жұмысқа бүгінде 15 жергілікті тұрғын тартылып, диқан ауылдастарын уақытша жұмыс орнымен қамтып отыр. Сонымен қатар, биыл кәсіпкер алғаш рет жарты гектар жерге ақ түсті қырыққабатты өсіруді қолға алған. Егер өнім жақсы болса, келер жылы 2 гектарға дәл осындай сұрыпты қырыққабат отырғызуды көздеп отыр. Кәсіпкердің болашаққа межелеген жоспары көп. Мәселен, қазіргі таңда ол 4 гектар жерді ұзақ мерзімге жалға алып отырса, келесі жылы 8 гектар жерге келісімшарт жасамақ.

Сондай-ақ, жуырда «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқудан өткен Ұлбала жылыжай құрылысына 505 мың теңге көлемінде грант алып, қазіргі таңда іс тура жолға қойылған. Жылыжайда қиярдың «Татьяна» түрі өсірілуде. Егер қияр мол болған жағдайда келесі маусымда өнім Алматы қаласының нарығына шығарылмақ. Ұ.Сағындықованың айтуынша, биылғы жылы ауа-райының қолайсыздығы өнімнің көлеміне әсерін тигізбей қоймаған. Осы орайда суармалы су мәселесін алға тартқан кәсіпкер алдағы уақытта тамшылатып суғару әдісіне көшуге ниетті екенін жеткізді. Сондықтан, кәсіпкер өнімді жинап, өткізгеннен кейін түскен қаражаттың бір бөлігін жұмысшылардың жалақысына жұмсаса, қалған сома келесі маусымға дайындық жұмыстарына, ойдағы жоспарды жүзеге асыруға жұмсалмақ.

-Шүкір қолға алған ісімнің нәтижесі жаман емес. Отбасымызбен бірге қолымыздан келгенше жұмыс жасап, ауылдастарымызға уақытша болса да жұмыс орнын ашып отырмыз. Оның үстіне мемлекеттік гранттың арқасында жақында жылыжай жұмысын жүргізуге мүмкіндік алдым. Осындай мемлекет тарапынан жасалған таптырмас қолдау үшін аналық алғысым зор. Шындығын айтсам, бақша егіп, өнім алу оңай іс емес. Дейтұрғанымен, істің көзін тапсаң, талмай адал еңбек етсең жақсы жетістікке жетуге болады. Ендігі кезекте келер жылдың қамын ойластыру қажет. Мысалы, қазір уақыт өткізбей тұқым мен тыңайтқыш алу керек. Жиын-терін науқаны аяқталғаннан кейін келесі жылға топырақ дайындалып, өңдеу жұмыстары басталады, – дейді Ұлбала Сағындықова.

Қорыта айтсақ, істің көзін тауып, кәсібін дөңгелете білген ноғайбайлық кәсіпкердің жұмысы жыл бойы тоқтамақ емес.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.