home
home home

АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗУДЕ.

АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗУДЕ. Қарасай ауылдық округінің әкімі Күлжаған Елемесованың Еңбек ауылының тұрғындары алдында өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беру кездесуіне аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангозов, аудандық мәслихат хатшысы Қарлығаш Қыпшақбаева қатысты.
Ауыл әкімі алдымен өткен жылы атқарылған жұмыстарды жіпке тізіп, биылғы жылдың еншісіндегі жұмыстардың жоспарын назарға ұсынды. Осыдан кейін жиында округке қатысты түйткілді мәселелер көтеріліп, өз кезегінде олар кеңінен талқыланды. Әкімнің есеп беру жиынына келгендердің арасында аға буын өкілдерінің қатары қалың болғанын ерекше атап өткен жөн болар. Ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Кеңсат Бегалиев ауылдағы ауызсу құбырларының тозығы жеткенін алға тартып, осы мәселеге назар аударылса деген тілегін айтты. Бұл сұраққа аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангозов жауап беріп, ағымдағы жылы бұл мәселеге қатысты жұмыстар басталатынын, оған қаражат бөлінгенін жеткізді. Келесі кезекте ауыл тұрғыны Батырхан Билібаев «Ақжал» каналының жайын көтерсе, ауыл әкімі аталмыш каналдың құжаттары рәсімделіп, әділет басқармасына өткізілгенін айтып, жұмыстар жалғасатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар, ауыл басшысы Еңбектегі клубты жөндеу үшін қажетті қаражатқа сметасы жасалып өткізілгенін жеткізіп, құрылыс жұмыстары жүретін күн де алыс еместігін айтты. Тұрғындар тарыпнан түскен суармалы су, интернет жүргізу, көшелерді жөндеу, медицина саласына қатысты сұрақтарға лайықты жауаптар да берілді. Жиын соңында Қарасай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Тоқаев ауыл әкімінің жұмысына оң бағасын беріп, жұмысына сәттілік тіледі.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.