home
home home

Ауылдан ақпарат

 

 

Мәдениет үйі мен балабақшаға

газ қосылды

Сарыбұлақ ауылында мәдениет үйі мен «Темірлан» балабақшасы газға қосылды. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін жылыту жүйесі толықтай жаңғыртылған. Ауыл тұрғындарының сүйікті орнына айналған мәдениет ошағында бүгінде вокал, би, домбыра, т.б. үйірмелер жұмыс істейді.

-Мәдениет үйіне жасалған қамқорлық үшін алғыс айтамыз. Бұл ауыл азаматтарына, мәдениет пен руханиятқа қосқан тамаша үлес деп білеміз, – дейді ауыл тұрғындары.

Келесі жылы жоспар бойынша әлеуметтік маңызы бар нысандар қатарындағы Қайнар және Сарыбұлақ ауылдарындағы мектептер «көгілдір отынға» қосылмақ.

 

Алєада спортќа бейім

жастар кґп

Алға ауылында жастарды салауатты өмір салтына тарту мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында демеушілердің көмегімен ауыл тұрғындары, жастар мен кәсіпкерлердің бастамасымен шағын футболға арналған алаңша құрылысы басталды.

-Футбол алаңшасы ауыл жастары үшін спортпен айналысуға тамаша мүмкіндік. Қазіргі таңда ауылдың белсенділері құрылыс жұмысына кірісіп кетті. Алғада спортқа бейім жастар көп. Солардың сұранысынан қолға алынған жұмыс көп ұзамай аяқталатын болады, – дейді ауыл халқы.

 

 

Сўлутґрде

кґрікті мектеп

Сұлутөр ауылындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Іргетасы 1986 жылы қаланған білім ордасына жөндеу жұмыстары аса қажет болып тұрған еді. Мектептің терезелері ауыстырылып, жаңа есіктер қойылып, жарықтандыру жүйесі жаңартылып шыққан. Өзге де қажетті жұмыстар толығымен жасалыпты. Барлық инженерлік жүйелер, кабинеттер, асхана, спортзал күрделі жөндеуден өтіп, ғимарат шатыры ауыстырылды.

Ауылдағы жалғыз мәдени нысанға жасалған осынша қамқорлық үшін тұрғындар ризалығын білдіруде.

-Енді балалар мектептерін одан әрі қадірлеп, сүйіспеншіліктері артады деп ойлаймыз. Облыс, аудан басшылығына қаражат бөліп, осындай жұмыстарды жүргізіп бергені үшін алғысымыз шексіз, – дейді ауыл азаматтары. Ендігі жерде ұстаздар мен балалар сапалы білім үшін барын салады деген үміт басым.

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.