home
home home

АУЫЛДА КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛЕДІ

АУЫЛДА КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛЕДІ
Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығына сәйкес Масанчи ауылдық округіне қарасты Күнбатыс-1 ауылында округ әкімі Ибращиме Юбуровтың есеп беру кездесуі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Орынбаев, аудандық мәслихат депутаттары Рамиль Жатқанбай және Ясауи Имаров қатысты.
№11 негізгі мектеп ғимаратында өткен жиынға ауыл тұрғындары белсене қатысып, округ басшысының бір жылда атқарған жұмысы туралы есебін мұқият тыңдады. Бюджетке түскен түсімдердің қауымдастық мүшелерімен ақылдаса отырып ауылдың керегіне жұмсауынан бастап, абаттандыру жұмыстарының нәтижелері, түрлі мерекелерді атап өтумен қатар округ тұрғындарының мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, қылмыстық ахуал мен әлеуметік мәселелердің шешімін табуы сынды жұмыстарды жіпке тізіп, биылғы жылға жоспарларымен де бөліскен ауыл әкімінің жұмысына жерлестері қанағаттанарлық деген оң бағасын да берді. Әрине, ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтар да аз болмады. Мәселен, Қостай Смағұл ауызсу жайын айтып, соны жөнге келтіру жұмыстары қашан басталатынын сұрады. Ол бойынша жауап берген аудан әкімінің орынбасары Е.Орынбаев осыған дейін ауылдағы су жүйесінің құжаты болмағанын, қазіргі таңда құжаттарды дұрыстау бойынша жұмыстар қолға алынғанын жеткізіп, сол аяқталғаннан кейін қаржысын бөліп, ағымды жөндеу жайын қолға алуға болатынын айтты. Ал, Х.Байбатчаев ауыл ішілік көшелерге көңіл бөлінсе деген тілегін айтып, оған ауыл әкімі И.Юбуров биылғы жылға Күнбатыстағы Жіңішке көшесін орташа жөндеуге сметалық құжат жасалғанын жеткізіп, көп ұзмай жұмыстар басталатынын айтты. Тұрғындар көтерген сұрақтар қатарында мектепте балаларды ыстық тамақпен қамту жайы да сөз болды. Ыстық тамақпен қандай отбасылардың балалары қамтылатыны турасында Е.Орынбаев түсініктеме беріп өтті. Осылармен қатар ауыл тұрғындары жер телімін алу бойынша да сұрақтар қойып, оған ауыл басшысы алдымен инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтып, ол мәселе жалпы аудан бойынша кезегімен жасалып жатқанын жеткізді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.