home
home home

Ауыл тынысы

Ауыл тынысы

Ноғайбай ауылының халқы өздерінің еңбекқорлығы мен іскерлігінің арқасында тұрмысын тіктеп, тірлігін дұрыс жолға қоя білген. Әрине, мұнда бірінші кезекте атадан мирас етіп қалған мал шаруашылығы басты табыс көзі саналады.  Сонымен қатар, егіншілік және бау-бақша баптау ісін дамытумен айналысатын азаматтар жетерлік.

Құрамына Сарыбастау және Шарбақты ауылдары кіретін округте күнделікті тіршілік үшін барлық жағдай жасалған. Ауыл балаларына сапалы білім мен тәрбие беретін балабақша және мектеп бар. Халық денсаулығына жауап беретін амбулатория да жұмыс жасайды. Ноғайбай ауылы бірінші кезекте көпшілікке ауыл шаруашылық колледжімен танымал. Кеңес Одағы кезінен бастап бұл жерден небір агроном мен ветеринария мамандары түлеп шығып, байтақ еліміздің түпкір-түпкірінде еңбек етуде.

Округке қарасты Шарбақты ауылында демеушілердің көмегімен алтын күмбезді мешіт соғылуда. Қазіргі күнде мешіттің кірпіші қаланып, күмбезі тұрғызылып үлгерген. Енді ішінара жұмысы қалған Алла үйінің құрылысы таяуда аяқталып, ел игілігіне берілмек. Сонымен бірге, мұнда жастарға да көңіл бөлініп жатқаны көрінеді. Оған себеп, ауыл орталығынан шағын футбол алаңы салынуда. Ендігәрі балақайлар теңбіл доп теуіп, бос уақытында спортпен айналысуға керемет мүмкіндік алды. Ал, Сарыбастау ауылында балалар ойнайтын алаңша мен ауыл саябақ аумағы түгелдей қоршалатын болады. Ноғайбайда да көптеген жұмыстардың атқарылғаны байқалады. Мәселен, «Өңілерді дамыту» бағдарламасы аясында Ырғайты көшесі мен Байгөз батыр көшесі жөнделіпті. Сондай-ақ, ҚТҚ полигонның сыртына қоршау жұмысы жасалды. Ауылдағы № 35 орта мектептің қазандығы жаңартылуда. Бұл құрылыста 8 тұрғын жұмыспен қамтылды. Сонымен қоса, ауыл орталығынан балалар ойын алаңы салынуда. Осындай құрылысы қарқын алған ауылдың алдағы жоспарлары да жоқ емес.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.