home
home home

Ауыл шаруашылығы Жайқалған «дала аруы»

 

Несібесін жерден жиған диқандар ауа райының аптап ыстығы мен өңмеңнен өтер қара суығына қарамастан қолайлы сәтті қалт жібермей қызу еңбектің қамымен жүретіні ешкімге де жасырын емес. Дер кезінде егінін орып, алтын дәнді қамбаға жинаған олар ендігі жерде дәндік жүгері ору жұмыстарына бел шешіне кіріскен. Ендеше, дала төсін дүбірге бөлеген тіршіліктің жай-күйін тарқата баяндасақ.

Жалпы, Қордай ауданы ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамыту, диқандарды жеңілдетілген дизель отыны және минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу арқылы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу сынды игі үрдістерден құр алақан емес.

Тіпті, өңіріміз бұл тұрғыда облыс аудандары арасында көш бастап тұр. Оның үстіне егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру мақсатындағы жұмыстар сәтті жүзеге асып, суармалы егіс алқаптарының көлемін ұлғайту мәселесі де өз шешімін табуда. Осының арқасында биыл аудан шаруалары егін орағын сәтті аяқтап, қазіргі таңда 7700 гектар алқапқа себілген «дала аруын» жинау жұмыстарын бастап кеткен.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.