home
home home

Ауыл шаруашылығы   Жайқалған «дала аруы»

 

Олардың қатарында Бетқайнар ауылдық округіндегі «Сұлтан-Бейбарыс» шаруа қожалығы да бар. Біржан Құттықов басқарған агроқұрылым биыл 140 гектарға американдық «Пионер» сұрыпты жүгерісін сепсе, оның 56 гектарына тамшылатып суғару әдісін қолданған. Осының арқасында шаруашылық гектарынан 110 центнер өнім алып отыр.

«Бас аяғы 140 гектарға себілген дәндік жүгеріні жинау жұмыстары соңына таяды. Өнім көлемі көңілден шықты. Нақтырақ айтсам өз басым тамшылатып суғару технологиясының тиімділігін биыл шынайы сезіндім. Бұл үшін «Агриматко Юг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шартқа отырып, компания өкілдері жыл басында аталмыш алқапқа 28 млн теңгеге тамшылатып суғару жүйесін орнатты. Нәтиже көрсеткендей заманауи әдістің арқасында алынған өнім дәстүрлі суғару әдісінен әлдеқайда жоғары болды. Мұнымен қатар су да, минералды тыңайтқыштар да, суғаруға кететін уақыт та еселей үнемделді», – деген Біржан Чайзатұлы жүгері қатарларының арасына салынған тамшылату жүйесінің түтікшелерін көрсетті.

Айта кетсек, шаруашылық биыл қомақты қаржыға «Қазагроқаржы» АҚ арқылы немістің «Deutz-Fahr» комбайнын сатып алған. Су жаңа техника тәулігіне ондаған гектарды еңсеріп, өнімді шашау шығармай жинауға мол септігін тигізуде. Сонымен қатар, «Сұлтан-Бейбарыс» ШҚ биыл 120 гектарға арпа сеуіп, өнімділік 18 центнерден айналса, 250 гектарға себілген күздік бидайдың өнімділігі 32 центнерді құрапты.

Әлібек ОСПАНОВ


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.