home
home home

АУЫЛ АЖАРЫ АШЫЛА ТҮСПЕК

АУЫЛ АЖАРЫ АШЫЛА ТҮСПЕК
Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов округке қарасты Бұлар батыр ауылының тұрғындары алдында өткен жылы атқарылған жұмыстары жайында есеп беріп, қараша халық көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға құлақ түрді. Ауыл әкімінің есеп беру жиынына аудан әкімінің орынбасары Мырзағали Күзербаев, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Елдос Мендекеев және аудандық мәслихат депутаты Таня Апаева қатысты.
Жылына екі рет ұйымдастырылатын абаттандыру және санитарлық тазалық екі айлығында үнемі үздіктер қатарынан көрінген округтің экономикалық және әлеуметтік дамуы да ауыз толтырып айтарлықтай. Ауыл әкімі есебін бергеннен кейін кездесу ашық сұхбатқа айналып, тұрғындар ауылға қатысты түйткілді сұрақтарын ортаға салды. Мәселен, жергілікті жұртшылық «Сортөбе» өткізу пунктінде қосымша кабинкалар ашуға ықпал етуді сұрап, ол бойынша аудан әкімінің орынбасары М.Күзербаев жақында ғана ауданымызда екі ел министрлерінің қатысуымен кездесу өткенін және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары да арнайы келіп, аталмыш сұрақ жөнінде бірқатар кездесулер өткізгенін жеткізіп, бұл сұрақтардың көп ұзамай шешімін табатынын айтты. Ауыл тұрғындары жер телімдерін алу бойынша да сұрақтарын қойып, ол бойынша алдымен инфрақұрылым мәселесін толығымен шешу керектігі айтылды. Чондай-ақ, бүгінгі таңда инфрақұрылым жүргізу жұмыстары ауданымызда кезең-кезеңімен іске асып жатқаны жеткізілді. Ал, ауыл көшелеріне тротуар салу және жарықтандыру мәселесі бойынша қойылған сұраққа мұны ауылдық әкімдік пен жергілікті қоғамдастық бірлесе отырып шешетіні түсіндірілді. Салықтың алты түрі ауыл бюджетіне түсетіні, ол қаражаттың аталмыш жұмыстарға жұмсалатыны да жиын барысында толыққанды айтылып, тұрғындарға түсініктеме берілді. Жиын барысында М.Күзербаев Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы қолға алынғалы отырғанын жеткізіп, бұл бағдарлама аясында ауыл ажары ашыла түсетінін жеткізді.
Тұрғындар тарыпан түскен ауылішілік көшелерді жөндеу, арықтарды тазалау секілді өзге сұрақтар бойынша ауыл әкімі тұшымды жауаптарын беріп, жиналған қауым ауыл әкімінің атқарған жұмысына қанағаттанарлық деген оң бағасын берді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.