home
home home

Әулиеата жауһарлары

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында белгіленген тапсырмаларды орындау және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында облыстық «Әулиеата жауһарлары» атты тарихи-танымдық экспедициясымен Байзақ ауданының жастары Қордай жеріне келді.

Байзақ аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ә.Мурзабеков бастаған экспедициялық команда құрамында осы мекеменің аға инспекторы А.Белқожаев, білім саласының қызметкерлері Б.Абзалиев, Д.Сағынбаева, Д.Қырықбаев, Г.Басканова және Байзақ аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері М.Ахметқұлов пен Т.Қапышевтар болды.

Байзақтық жастар Кенен ауылындағы К.Әзірбаев әдеби-мемориалдық музейінде болып, ақын өмірі және өнеріне қатысты тың деректермен танысып, ауыл ақсақалы, ардагер ұстаз Ш.Сегізбаевтың келелі әңгімелерін тыңдап, аудандық музейдің және Масанчи ауылындағы тарихи-өлкетану үйірмесінің жұмысымен танысты. Жастар ең бастысы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қордай ауданы аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар микросакралды нысандарды аралап көріп, ақпарат алды. Атап айтсақ, Қордай асуында орналасқан Қордай батыр ескерткіші, Ырғайты өзенінің сол жағалауында орналасқан Ноғайбай би кесенесі, Қаракемер ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан Кенесары хан мемориалы және Өтеген ауылының іргесіндегі Өтеген батыр кесенесінде болды. Экспедиция соңында байзақтық жастар біздің ауданымыз жайлы мәлімет жинақтауға көмектескен аудандық музейге және аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымына алғысын айтты.

Аталмыш экспедицияны ұйымдастыруға облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы ұйытқы болғанын айта кеткен жөн.

А.Изаева, аудандық музей жетекшісі


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта