home
home home

Аудандағы коронавирус инфекциясының жағдайы

Аудандағы коронавирус инфекциясының жағдайы

Өткен бейсенбіде аудан әкімі Рүстем Дәулет аудандағы коронавирустық инфекцияның жағдайы жайында әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде баспасөз брифингін өткізді. Брифингке аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Марат Асаров қатысты.

Аудан әкімі қазіргі таңда жүргізілген мониторингке сәйкес 2020 жылдың 30 шілдесіне коронавирус инфекциясымен жалпы 356 науқас тіркелгенін айтып, 250 азамат инфекциялық стационардан толықтай емделіп шыққанын алға тартты. Қазіргі таңда провизорлық стационарда 73 адам ем қабылдап жатыр, науқастардың жағдайы орташа. Сонымен қатар, үй жағдайындағы карантинде 53 адам болса, 169 азамат карантиннен шығарылған. Тараз қаласына 53 адам ем алуға жіберілген. Өкінішке орай, 6 өлім жағдайы тіркелген.

Брифингте мәлім болғандай қазіргі кезде Қордай аудандық орталық ауруханасы жанындағы провизорлық бөлімшеде 120 төсек-орын, одан бөлек 50 орындық төсек дайындалған. Ауруханада медициналық көмек көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, жеке қорғаныс құралдары мен дезинфекциялық құралдар толығымен бар. Арнайы Call-орталығы құрылған, оған 2-23-50 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.

Жалпы, аталған жұмыстар шеңберінде 23 аудандық штаб отырысы өтсе, мониторингтік топ жұмысының аясында  санитарлық нормаларды сақтамаған 58 бұзушылық анықталып, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған. Нәтижесінде,  «Үсен ұлы» базары, «Вива», «Шик О», «Халикова» шаштараздарында санитарлық талаптардың сақталмағаны анықталып, 7 хаттама толтырылып, 2109,9 мың теңгеге айыппұл салынған. Ал, 57 нысан жұмысын тоқтатқан.

Аудан басшысы осылармен қатар қазіргі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудан кәсіпкерлері науқастарға аса қажетті медициналық аппараттарды алып бергені турасында айтып, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.