home
home home

Аудан тұрғындарының назарына

 

 

Қазіргі таңда «COVID-19» індетінің салдарынан елімізде және әлемде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин режимі кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізіліп, Қордай ауданы аумағында «Қарасу» халықаралық өткізу пункті арқылы көршілес мемлекетке тек төменде көрсетілген санаттағы азаматтар ғана өте алатынын естеріңізге саламыз:

 

1) Еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы;

2) ресми делегациялардың мүшелері және халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері;

3) халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

4) пойыз және локомотив бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері және темір жол тасымалдау процесіне қатысатын адамдар;

5) қазақстандық әуе компаниясы қызметкерінің мәртебесін растаған жағдайда қазақстандық әуе компанияларының қызметкерлері болып табылатын шетелдіктер;

6) қазақстандық әуе компанияларының қызметкерлері болып табылатын шетелдіктердің отбасы мүшелері;

7) қызметтік міндеттерін атқару үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал;

8) әскери құрылымдардың құрамына кіретін Ресей Федерациясының азаматтары;

9) «Байқоңыр» кешені және Байқоңыр қаласының аумағына Ресей Федерациясының азаматтары мен олардың отбасы мүшелері;

10)  Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері, қызметкердің мәртебесі расталған жағдайда;

11) бұрын шет мемлекеттің аумағына шыққан және Қазақстан Республикасына қайтып келген Қазақстан Республикасының азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар);

12) Қазақстан Республикасынан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткен және/немесе иммиграциялық визалары бар Қазақстан Республикасының азаматтары;

13) Қазақстан Республикасының шетелге емделуге кететін азаматтары Денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсеткен жағдайда (екі ересек адамнан аспайтын еріп жүргендер), мынадай құжаттар болған кезде:

– «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у нысанына сәйкес диагнозды және емдеу жеделдігін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы»;

– шетелдік медициналық ұйымнан емделуге шақыру-хат, нотариалды куәландырылған аудармасы бар;

14) шет мемлекеттердің тұруға ықтиярхаты бар не олардың аумағында уақытша болуға рұқсаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары – 30 тәулік ішінде 1 реттен артық емес;

15) Қазақстан Республикасының әуежайларынан бұрын туристік жолдамалар бойынша демалуға ұшып шыққан шетелдіктер;

16) одан әрі ұшып шығу немесе кету үшін Қазақстан Республикасына әуе өткізу пункттері арқылы келетін шетелдіктер;

17) растайтын құжаттары болған кезде отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) жерлеуге бара жатқан адамдарды, сондай-ақ қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мәйітін (мәйітін) жерлеу орнына ілесіп жүретін адамдар;

18) ауыр науқастануы туралы емдеу орнының растайтын құжаттары болған кезде ауыр науқастанған отбасы мүшелері және жақын туыстарын күтіп-бағу үшін бара жатқан адамдар (ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері);

19) Қазақстан Республикасының аумағына елден кету үшін бұрын келген шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамның куәлігі шет мемлекет құжаттаған азаматтығы жоқ адамдар);

20) Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты (оралман мәртебесі) бар шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар) және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата – аналары және балалары) – 30 тәулік ішінде 1 реттен артық емес;

21) Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар) – туыстық байланыстар фактісі расталған жағдайда (жұбайы (зайыбы), олардың ата – аналары және балалары) – 30 тәулік ішінде 1 реттен артық емес;

22) шетелдіктердің отбасы мүшелері (ерлі – зайыптары, ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары), қорғаншылары мен қамқоршылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары –тек отбасы мүшесінің азаматтығы бар еліне шығу үшін, 30 тәулік ішінде 1 реттен көп емес;

23) шетелдік оқу орнының растайтын құжаттары болған жағдайда шет мемлекеттердің аумағындағы оқу орындарында оқып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары;

24) тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі болған кезде халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (бір жүк көлік құралына 2 жүргізушіден артық емес);

25) осы тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат етілген адамдарды тасымалдауды және эвакуациялық рейстерді жүзеге асыратын жүргізушілер;

26) әрбір жеке жағдай үшін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары төрағалығымен арнайы құрылған Ведомствоаралық комиссия бекітетін тізімге сәйкес әлеуметтік маңызы бар компаниялардың қызметкерлері (мамандары) – шетелдіктер;

27) тізімге сәйкес жасалған келісім-шарттар шеңберінде автомобиль және арнайы көлік жеткізуді жүзеге асыратын адамдар;

28) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өтініші  бойынша Қазақстан Республикасынан шығуға білікті қызметкерлер (мамандар) қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтары;

29) қазақстандық мамандандырылған емдеу мекемесіне емделуге келген шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар) емдеу мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсеткен жағдайда (екі ересек адамнан аспайтын еріп жүргенде);

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.