home
home home

Аудан кәсіпкерлері азаматтық танытты

 

Пандемияға қарсы күресте күш біріктірген қордайлық кәсіпкерлер 21 шілде күні өкпені желдеткіш 5 концентратор аппаратын аудандық орталық ауруханаға тарту етті.

Аудан әкімі Р.Дәулет арнайы барып, аталған аппараттарды аурухана ұжымына табыс етіп, бүгінгі күнде ерлікпен пара-пар еңбектеріне табыс тіледі. Бұл жолы ауданға танымал азамат А.Жұмабаев демеушілік жасап, аудандық аурухананың инфекциялық бөліміндегі провизорлық бөлім науқастарының жағдайының жақсаруына өз үлесін қосты.

Сондай-ақ, осы күні аудандағы жеке балабақшалардың ұжымының бірлесуімен аудандық орталық ауруханаға 15 дана пульсоксиметр құралдары жеткізілді.

Аудандық орталық ауруханаға кәсіпкерлер тарапынан жасалған сый мұнымен тоқтап қалған жоқ. Қауіпті індеттен арашалауға аса қажет 4 өкпені желдеткіш концентратор аппараттары демеушілер көмегімен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Осылайша аудан әкімінің бастамасымен қордайлық кәсіпкерлер, аудандық мәслихат депутаттары, жеке меншік балабақша ұжымдары індетке шалдыққан жерлестерін емдеуге қажетті құралдарын алып беріп, жомарттық танытуда.

Осылармен қатар дәл осындай бір аппаратты Масанчи ауылдық округінің кәсіпкерлері де сатып алып, орталық аурухана берді.

Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезден бастап ауданның атқамінер азаматтары мен кәсіпкерлері аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен қаржылай қолдауды үздіксіз көрсетіп отырса, індет белең алған сәтте аудандық орталық ауруханаға ең қажетті деген медициналық аппараттар алуға демеушілік жасауда. Сауабы мол бұл істер жалғасын табатын болады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.