home
home home

Аудан  басшысы  блок-бекеттерді  аралады

Аудан  басшысы  блок-бекеттерді  аралады

 

Коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайларының тіркелуіне байланысты Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Қордай ауданының аумағында 2020 жылдың 6 сәуірі сағат 00.00-ден бастап ерекше талаптары бар шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтер мен тұрғындар тіршілігіне карантин режимін енгізу туралы шешім қабылданғаны белгілі.

Осыған байланысты аудан аумағындағы блок-бекеттердің жұмысымен танысу мақсатында аудан әкімі, «Nur Otan» партия аудандық филиалының төрағасы Р.Дәулет, аудандық мәслихат хатшысы Р.Нұрсипатов, партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Сүгірбай, аудандық полиция бөлімінің басшысы М.Ережепов және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Отар, Қайнар, Сарыбұлақ ауылының маңындағы блок-бекеттерді аралады.

Естеріңізге сала кетсек, Қордай ауданының аумағында карантин режимі енгізілген күннен бастап жүру уақыты 10.00-ден 19.00-ге дейін шектелген транзиттік жүк көліктерін қоспағанда, өзге көлік түрлері мен жаяу жүргіншілердің шекарадан өтуіне тыйым салынған. Сондай-ақ, бұл шектеу шаралары аудан аумағына келетін не болмаса кететін жеке автокөліктерге де қатысты. Сол себепті, аудан тұрғындарының үйде болып, аса қажеттіліксіз көшеге шықпағаны абзал. Айта кетерлігі, карантин уақытында көтерме азық-түлік қоймалары мен базарлар жедел штаб тарапынан бекітілген жеке кестеге сай жұмыс істесе, азық-түлік дүкендері мен дәріханалар қалыпты режимде жұмысын жалғастыратын болады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.