home
home home

Аудан әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (2-қосымша)

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің

                                                                                                                                 2018 жылғы  «12» желтоқсандағы

                                                                                                                                                                                 №488 қаулысына

№2 қосымша

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулері

барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

№ р/с Іс-шаралар Аяқталу

Нысаны

Орындалу мерзімі Орындалуына

жауаптылар

Орындалуы
Жолдарды жөндеу мәселесі бойынша
1 Керу ауылының ішіндегі Соғанды, Атыхан, Жұмағұл көшелеріне ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2017 жылдың

ІІ жартыжылдығы

Қаракемер ауылдық округінің әкімі Ағымды жөндеу жұмыстары бойынша жеңімпаз «Ақжол Сервиз-2030» ЖШС-мен  1 млн. 699 986 теңге 2017 жылдың 28 наурызында  келісім-шарт жасалды. «Ақжол Сервиз-2030» ЖШС жұмысты кешіктіріп бастады. Бұл жұмысқа қаражат «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде бөлінген, жұмыс 2017 жылдың 1 тамызында аяқталу керек еді,  Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 2017 жылдың 4 қыркүйегінде  шағымданып, арыз жолданды. Қаржы  толық игеріліп, қазан айында жұмыстар аяқталды.
2 Масанчи ауылының Ленин көшесіне жаяу жүргінші жолын ағымды жөндеуден өткізу Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2017 жылдың

І жартыжылдығы

Масанчи ауылдық округінің әкімі «Өнірлерді дамыту» бағдарламасымен 10 млн. теңге қарастырылды. Мердігер   «ДТА кент құрылыс» ЖШС, «Асыл кент құрылыс» ЖШС. Жөндеу жұмыстары шілде айында аяқталды.
3 Сарыбұлақ ауылының Атамекен, Жаңа күш көшелеріне  ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2017 жылдың

І жартыжылдығы

Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен  2500,0 мың теңге қарастырылған. «Ақ жол сервис»  ЖШС–мен  2233,0 мың теңгеге келісім-шарт құрылып, жөндеу жұмыстары сәуір айында аяқталды.
4 Кенен ауылының Қордай батыр ішіндегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2017 жылдың

ІІ жартыжылдығы

Кенен ауылдық округінің әкімі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен 4 млн. теңге қарастырылған. Жеңімпаз «Ақ жол сервис» ЖШС-мен 3035,0 мың теңгеге келісім шарт жасалды. Жөндеу жұмыстары толық  аяқталды.
5 Қордай ауылының Домалақ ана көшесінің асфальт жолдарына және жаяу жүргінші жолдарына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2018 жылдың

10 қазан

Қордай ауылдық округінің әкімі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен  35,0 млн теңге қаражат қарастырылып, конкурс жарияланды. 19 сәуірде мердігер «Нур Строй Маркет» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Жұмыстар аяқталды.

Домалақ ана көшесінің асфальт жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 103,0 млн қаражат қарастырылған, мердігер «Ак Жол Сервис» ЖШС-мен 04 қаңтарда 101,0 млн тенгеге  келісім жасалды. Бүгінгі таңда жұмыстар  толық  аяқталды.

Ауыл көшелерін жарықтандыру бойынша
6 Қарасу ауылының Ынтымақ көшесіне электр жарығын жүргізу Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2017 жылдың

ІІ жартыжылдығы

Қарасу ауылдық округінің әкімі Электр жарығын жүргізу жұмыстарына қолма-қол бақылау шотынан 4 млн. 188 мың теңге қарастырылып, 57 дана электр бағаналары орнатылып, қаржы толығымен игерілді.
7 Бел ауылындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жүргізу

 

Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2017 жылдың

І жартыжылдығы

Отар ауылдық округінің әкімі Бел ауылындағы көшелерді 1,1 шқ жарықтандыру жұмыстарына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен 4157,0 мың  теңге қаражат қарастырылған. Баға ұсыныс тәсілімен ЖК «Сарыпов» 2425,0 теңгеге жеңімпаз болып танылды. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
8 Алға ауылының Алдаберген көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2017 жылдың

ІІ жартыжылдығы

Алға ауылдық округінің әкімі Жарықтандыру жұмыстарын жүргізу қолма-қол ақшаны бақылау шотынан  215000 теңге қарастырылған. Мемлекеттік сатып алудың бір көзден сатып алу тәсілімен «ҚордайЭлектрСервис» ЖШС-мен  келісім-шарт жасалып, жөндеу жұмыстары  сәуір айында  аяқталды.
  Білім беру және спорт нысандарын жөндеу мәселесі
9 №23 Т.Рысқұлов атындағы ОМ-гі шағын орталықтың ойын алаңы мен кіреберіс топқа орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу Жөндеу жұмыстарды жүргізу 2017 жылдың

ІІ жартыжылдығы

Қасық ауылдық округінің әкімі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 4000,0 мың теңге қаражат бөлініп, жеңімпаз атанған «КазСтройПрогресс» ЖШС-мен 3485,0 мың теңгеге келісім шарт құрылды. Жөндеу жұмыстары шілде айында толық  аяқталды.
10 Ноғайбай ауылына аула ойын алаңы бар шағын футбол алаңын орнату

 

Тиісті жұмыстарды жүргізу 2017 жылдың

ІІ жартыжылдығы

Ноғайбай ауылдық округінің әкімі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен 5112,0 теңге қарастырылған. Мердігер «Али Партнерс»  ЖК-мен 4335,0 мың теңгеге келісім-шарт құрылып, шағын футбол алаңын орнату жұмыстары маусым айында аяқталды.
11 Бетқайнар ауылында шағын футбол алаңының құрылысын жүргізу Тиісті жұмыстарды жүргізу 2017 жылдың

І жартыжылдығы

Бетқайнар ауылдық округінің әкімі Бетқайнар ауылында шағын футбол алаңының құрылысын жүргізуге қолма-қол ақшаны бақылау шотынан 6 млн. теңге қарастырылған. Бүгінгі күнге конкурс жарияланып, жеңімпаз «КазСтройПрогрес» ЖШС-мен 5920,0 мың теңгеге келісім-шарт  жасалынды. Жөндеу жұмыстары маусым айында аяқталды.
Басқа мәселелер
12 Ауқатты және Бәйтерек ауылдарына трансформаторлар орнату Тиісті жұмыстарды жүргізу 2017 жылдың

ІІ-ІІІ тоқсаны

Ауқатты ауылдық округінің әкімі Ауқатты ауылдық округінің  қолма-қол ақшаны бақылау шотынан трансформатор орнатуға Ауқатты ауылына 2371,0 мың теңге және Бәйтерек ауылына 1407,0 мың теңге бөлінді. Ауқатты ауылының М.Әуезов көшесінің екі жеріне трансформатор орнатуға «Әділбеков М.А.» ЖК-мен 2 млн. 371 мың теңгеге келісім-шарт құрылып, екі трансформатор орнатылды.

Бәйтерек ауылына трансформатор орнатылған жоқ. Ол қаржыны жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен Ауқатты ауылындағы мәдениет үйіне сахнаны жабдықтау үшін жұмсалды.

13 Қақпатас ауылының Ж.Жыланкөзбай көшесіне трансформатор орнату Тиісті жұмыстарды жүргізу 2017 жылдың

ІІ жартыжылдығы

Қақпатас ауылдық округінің әкімі Қақпатас ауылының Ж.Жыланкөзбай көшесіне трансформатор орнату бойынша 2017 жылдың 29 қарашасында мемлекеттік сатып алу порталына хабарлама беріліп, 7 желтоқсанда қорытынды хаттама шықты. Жеңімпаз  ЖК «NTZ»-мен 1 млн. 097 мың теңгеге келісім-шарт құрылып, трансформатор ағымдағы жылдың  22 желтоқсанына жеткізілді.
14 Қордай,  Қасық ауылдарында жабайы иттерді жою Тиісті жұмыстарды жүргізу 2017 жылдың

ІІ-ІІІ тоқсаны

Ветеринария бөлімінің басшысы Қаңғыбас иесіз иттерді аулап жоюға 2017 жылғы аудандық бюджеттен  3757,0 мың теңге бөлінген.  Жыл басынан 3131 бас ит ауланып, қаражат толығымен игерілді.

Бүгінгі таңға Қордай ауылдық округі бойынша  761 бас, Қасық ауылдық округі бойынша 161 бас  қаңғыбас иттер ауланып 1106,0 мың теңге  қаражат жұмсалынды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта