home
home home

Аудан әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (1-қосымша)

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің

                                                                                                                                                                                 2018 жылғы  «12» желтоқсандағы

                                                                                                                                                                                 №488  қаулысына №1 қосымша

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулері

барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

№ р/с Іс-шаралар Аяқталу

Нысаны

Орындалу мерзімі Орындалуына

жауаптылар

Орындалуы
Жолдарды жөндеу мәселесі бойынша
1 Қақпатас ауылының ұзындықтары 0,3 шақырымнан болатын С.Мейірман және К.Серікбай көшелерінің ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2018 жылдың            ІІ жартыжылдығы Қақпатас ауылдық округінің әкімі С.Естаев,  ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі 2018 жылдың  15 ақпанында ашық конкурс жарияланып, 02 наурыздағы қорытындысына сәйкес, жеңімпаз болып «Бриллиант Сапа» ЖШС анықталды. 21 наурызда 1232,0 мың теңгеге келісім шарт жасалды. Жұмыстардың аяқталу мерзімі шілде айына жоспарланған, жұмыстар мерзімінде толық аяқталды.
2 Отар ауылының ұзындығы 0,8 шақырым  Нұрланқұлұлы көшесінің  орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2018 жылдың            ІІ жартыжылдығы Отар ауылдық округінің әкімі А.Сырлыбаев,   ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі Орташа жөндеу жұмыстарына 10000,0 мың теңге қарастырылған. Қаражат «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде бөлінген. Мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурспен «Ақ Жол сервис-2030» ЖШС-і жеңімпаз болып, 26 сәуірінде жалпы сомасы-9799,9 мың теңгеге келісім-шарт жасалды. Жұмыстар мамыр, маусым айларында жүргізіліп,  толық аяқталды.
3 Қарасай ауылының Жанқойлық көшесінің  ұзындығы   1 шақырым жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2018 жылдың            ІІ жартыжылдығы Қарасай ауылдық округі әкімінің К.Елемесова,   ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі Ұзындығы 1 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 4,5 миллион теңге қарастырылып, ПМК-48 мекемесімен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар толық аяқталды.
4 Үлкен-Сұлутөр ауылындағы Абылайхан көшесінің 0,324 шақырым жолына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2018 жылдың            ІІ жартыжылдығы Үлкен Сұлутөр ауылдық округінің әкімі Д.Әбдіразақ «Өңірлерді дамытудың-2020» бағдарламасы бойынша 1300,0 тенге қарастырылған. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен «АқЖолСервис-2030» ЖШС ұтып алған, келісім-шарт сомасы 784,0 мың теңге. Жол  жөндеу   жұмыстары 2018 жылдың 15  маусымында аяқталған.
5 Сұлутөр ауылының Пушкин көшесінің 0,374 шақырым жолының ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2018 жылдың            ІІ жартыжылдығы Сұлутөр ауылдық округінің әкімі Е.Мырзағұлов, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 1300,0 мың теңге көлемінде ашық конкурс тәсілі негізінде мемлекеттік сатып алу өткізілді. Аталған жұмыстар бойынша «Ақжол Сервис 2030» ЖШС жеңіске жетіп, 1092,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалынды. Қазіргі таңда жұмыстар толық орындалды.
6 Масанчи ауылының Биянху көшесінің 1,2 шақырым жолының орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2018 жылдың            ІІ жартыжылдығы Масанчи  ауылдық округінің әкімі И.Юбуров Мемлекеттік сатып алу порталына ашық конкурс тәсілімен жарияланып, 2018 жылдың 20 сәуірінде №39 келісім-шарт жасалған, жұмысты аяқтау мерзімі 30 шілде болатын. Өнім беруші «Компания Инвест МК» ЖШС-гі. Жұмысты уақтылы бастамағаны және орындамағаны үшін, 10 шілдесінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тануды және айыппұл өндіру туралы сотқа талап арыз берілген. 2018 жылдың 25 тамызында Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талапарыз толығымен қанағаттандырылды. Бүгінгі таңда игерілмеген қаражат қысқартылған.
7 Степной ауылындағы Школьная көшесінің 0,275 шақырым жолының орташа жөндеу жұмыстарын жүгізу Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2018 жылдың            ІІ жартыжылдығы Степное ауылдық округінің әкімі Ж.Спанов Орташа жөндеу жұмыстарына 3 207 000  теңге қаражат  бөлініп, ағымды  жылдың 02 наурызында конкурс жарияланды. 16 сәуір күні «АқжолСервис2030» ЖШС–мен келісім шарт жасалды. Жөндеу жұмыстары ағымды жылдың шілде айында басталып,  тамыз айында толығымен аяқталды.
Ауыл көшелерін жарықтандыру бойынша
8 Жамбыл ауылының Елизаров көшесіне жарықүнемдегіш шамдары бар көше жарықтандырудың ағымды  жұмыстарын жүргізу Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2018 жылдың            ІІ жартыжылдығы Жамбыл ауылдық округі әкімінің А.Бірімқұлов, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі 2018 жылдың 19 ақпанында конкурс жарияланып, 14 наурызда қорытындысы шығып, «ҚордайЭлектроСтройСервис» ЖШС мердігер болып анықталды. 2018 жылдың шілде, тамыз айларында жалпы ұзындығы 0,9 шқ болатын көшеге 26 бағандар орнатылып, жұмыс толық аяқталды.
9 Сарыбұлақ ауылының Ақбидай көшесінің 1,2 шақырымына  көше жарықтандырудың ағымды  жұмыстарын жүргізу Жөндеу жұмыстарын жүргізу 2018 жылдың            ІІ жартыжылдығы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің м.а. Б.Садырбаев Ақбидай көшесін жарықтандыруға 3031,0 теңге қарастырылып, 16 мамыр 2018 жылдың, №56 келісім шартының негізінде «Қордай Электросервис» ЖШС-і 2299,0 теңгеге конкурс жеңімпазы болып анықталып, жұмыс толық аяқталды.
Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары
10 Әлжан ана ауылындағы саябақ аймағын қоршау жұмыстарын жүргізу Тиісті жұмыстарды жүргізу 2018 жылдың            ІІ жартыжылдығы Қасық ауылдық округінің әкімі  Қ.Исагулова, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі Саябақ аймағының жөндеу жұмыстары  ағымды жылдың сәуір  айында басталды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 4,200 мың теңге бөлінген, келісім шарт 3066,1 мың теңгеге жасалынды. Жергілікті бюджеттен 2300,0 мың теңге болінді, келісім шарт 1700,0 мың теңгеге жасалынды. Ашық конкурс бойынша «ПМК Бірлік» ЖШС  ұтып алып,  қоршау жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар 2018 жылдың шілде айында аяқталды.
11 Сортөбе ауылының әкімшілік ғимаратының аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізу Тиісті жұмыстарды жүргізу 2018 жылдың            ІІ жартыжылдығы Сортөбе ауылдық округінің әкімі И.Буларов Жамбыл облысының мемлекеттік ішкі аудитінің РММ 2018 жылдың  29 наурыздағы №26706 хатына сәйкес жұмыс тоқтатылған. Қордай аудандық мәслихаты сессиясында бөлінген қаржыны басқа аббаттандыру жұмыстарына жұмсалған.

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта