home
home home

АУДАН ӘКІМІ Р.ДӘУЛЕТТІҢ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

 

 

 

АУДАН ӘКІМІ Р.ДӘУЛЕТТІҢ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

 

Құрметті аудан тұрғындары!

 

Баршаңызды қасиетті ай – Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Рамазан айы баршаңызға мүбарак болсын!

Рамазан – құлшылық, төзім пен сабыр, береке, бірлік, мейірім мен қайырымдылықтың айы.

Рамазан айының негізгі ерекшелігі – адамзатты бауырмалдыққа, кішіпейілдікке, кешірімді болуға, сүйіспеншілікке шақырады. Бiр ай бойы астан ғана емес, бейәдеп сөзден, жат қылықтан тартындырып, сабыр мен төзімге тәрбиелейді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады» деген ұлағатты сөзін ескерсек, бұл біздің одан әрі ауызбіршілікте, бірлікте болуымызды талап етеді. Сондықтан да, қазіргі уақыттағы бас­ты мақсатымыз – дәстүрлі дінімізді, салт-дәстүрімізді шынайы дәріптеумен бірге жас ұрпақты имандылыққа, рухани бірлікке баулу.

Бүгінде еліміздегі түрлі дін өкілдері бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. «Мәңгілік ел» ұлы идеясының мақсат-мұраты да – осы, барша Қазақстан халқын береке-бірлікке, тату тірлікке жетелеу.

Қазіргі  кезде  біздің ортақ басты мақсатымыз –дүние жүзін дүрліктірген қауіпті індетті жеңу үшін сабыр сақтап, барлық шектеу шараларын толық орындап, тәртіпке бағынуымыз керек ағайын!

Құрметті жерлестер!

Қасиетті Рамазан айындағы баршаңыздың тілек-ниеттеріңіз қабыл болғай!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, баршаңызға жақсылық тілеймін.

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта