home
home home

Аудан әкімі Р.Дәулеттің 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы.

Аудан әкімі Р.Дәулеттің 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы.
Қадірменді жерлестер!
Құрметті Отан қорғаушылар!
Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл мереке – ел мен жердің, қоғам мен әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген еліміздің ер азаматтарын ұлықтайтын, құрметтейтін күн.
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Туған елге қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Кез келген мемлекет үшін елдің қауіпсіздігі мен тыныштығы басты орында. Сондықтан да тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылып, мемлекетіміздің шекарасы белгіленіп, әскеріміз жасақталды.
Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштері әлемдік стандарттарға сай, ең мықты және заманауи үлгідегі әскери техникамен қаруланған. Оның жарқын көрінісін шекаралас аймақтың бірі ауданымыздан-ақ көруге болады. Ауданымызда заманауи үлгідегі ірі шекаралық әскери бөлім мен заставалар бар. Ал, халықаралық, республикалық деңгейдегі ауқымды әскери іс-шаралар өткізіліп тұратын Гвардейский қалашығының бүгінгі келбеті шағын қалалардан еш кем емес.
Еліміздің Қарулы Күштерінің алдында халықтар арасындағы бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, республика аумағының тұтастығын қорғау міндеті тұр. Сондықтан, тәуелсіз Қазақстанның әр азаматының алдындағы негізгі міндет – осы бейбітшілікті, қауіпсіздікті сақтауға өзіндік үлесін қосу.
Елімізде Отан қорғаушылар мерекесі Ұлы Жеңіс күні қарсаңында аталып өтетіні ерекше мәнге ие. Себебі, бұл күн – Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық қазақстандықтар, Ауғанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым ететін күн.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, әрбір отбасыға бақыт пен татулық, ізгілік пен игілік тілеймін.
Туған еліміздің іргесі бүтін, мәртебеміз жоғары, ынтымағымыз ырысты, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта