home
home home

Аудан әкімі Болатбек Байтөленің аудан тұрғындарын 1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Аудан әкімі

Болатбек Байтөленің аудан тұрғындарын 1 мамыр –

Қазақстан халқының

бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер! Қадірменді көпшілік!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл күн елімізде берекелі өмір сүріп жатқан, бірлігі мен ынтымағы жарасқан түрлі ұлт өкілдерінің мерейлі мерекесі.

Ұлтаралық татулық пен келісімнің арқасында еліміз қиын кезеңдерді артқа тастап, жаңғырудың жаңа белесіне көтеріліп, тәуелсіздігін нығайтты.

Осындай көпұлтты мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктері, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оңды саясаты мен халықтар арасындағы тұрақтылық пен бейбітшіліктің жемісі екені баршаға аян.

Жас тәуелсіз еліміз үшін әр жыл өсіп-өркендеу, саяси өрлеу жолындағы елеулі оқиғаларға толы. Оның бастысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдаулары мен бағдарламаларының жемісті жүзеге асуы болды. Әсіресе, 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауы қарапайым халыққа деген зор қамқорлықты міндеттеген әлеуметтік бас-тамасы. Бүгінде Қазақстанда тұратын барша ұлт өкілдері арасында үлкен қолдауға ие болып отыр.

Ұлтаралық татулығымыздың дамуына өзіндік үлесін қосып, сол бірліктің ұйытқысы болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы көп елге үлгі болып келеді. Ынтымақ пен тұрақтылықтың берекелі бастауы бола білген бұл қоғамдық ұйым ешбір елде болмаған, ерекше саяси маңызы зор құрылым болды.

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауданымызда бүгінде 30-дан астам түрлі этнос өкілдері бір кісідей жұмылып еңбек етуде. Осылайша, ауданымызда еліміздің ұлтаралық тұрақтылық жөніндегі саясаты өз нәтижесін беріп қана қоймай, ауданымыз бүгінде барлық сала бойынша облыс көлемінде алдыңғы қатардан көрінуде. Бұл біздің халқымыздың достығын, елдігін, ынтымағын білдіреді. Алдағы уақытта да ауданымыздың әрбір тұрғынының еселі еңбегі экономиканы жаңғыртуды жүзеге асырудың негізі болары сөзсіз.

Құрметті жерлестер! 

Барша қазақ елі үшін алда келе жатқан маңызды күн – ел Президентінің сайлауын бірлік пен татулықта өткізіп, Мемлекет басшысын таңдауда белсенді болайық.Ортақ шаңырағымызда сыйластық пен сенімділік, татулық пен тұрақтылықты сақтау үшін ортақтасып атқарған ісіміз оң болғай!

Бейбіт өмірде берекелі ғұмыр кешкен көпұлтты халқымыздың бірлігі жарасып, татулығы мен ынтымағы арта берсін!

Бүгінгі бірлік мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ, бірлігі арта берсін!


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта