home
home home

Аудан әкімі Болатбек Байтөленің 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Аудан әкімі

Болатбек Байтөленің

7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Құрметті Отан қорғаушылар!

Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл мереке – ел мен жердің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген еліміздің ер азаматтарын ұлықтайтын, құрметтейтін күн.

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Туған елге қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Кез келген мемлекет үшін елдің қауіпсіздігі мен тыныштығы басты орында. Сондықтан да, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бас-тап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылып, мемлекетіміздің шекарасы белгіленіп, әскеріміз жасақталды.

Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштері әлемдік стандарттарға сай, ең мықты және заманауи үлгідегі әскери техникамен қаруланған.

Осындай жетістікке жету әрине, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты мен жемісті еңбегінің нәтижесі.

Қазақстан Қарулы Күштерінің алдында халықтар арасындағы бейбітшілікті,  халықаралық  және  өңірлік  қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, Республика аумағының тұтастығын қорғау міндеті тұр. Сондықтан, Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматының алдындағы негізгі міндеті – осы бейбітшілікті, қауіпсіздікті сақтауға өзіндік үлесін қосу.

Елімізде Отан қорғаушылар мерекесінің Ұлы Жеңіс күні қарсаңында аталып өтетіні бекер емес. Себебі, бұл күн – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық қазақстандықтар, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлердің алдында тағзым ететін күн. Бүгінгі тәуелсіздікке қол жеткізуге жан алысып, жан беріскен ардагерлеріміздің ерліктері қандай құрметке де лайық.      

Құрметті жерлестер!

Сіздерді мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасыға ізгілік пен игілік тілеймін.

Туған еліміздің іргесі бүтін, Тәуелсіздіктің Көк байрағы биік, мәртебеміз жоғары, ынтымағымыз ырысты, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта