home
home home

Аудан әкімі Б.Байтөленің Рождество мерекесімен құттықтауы

 

Құрметті қордайлықтар!

Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке өзіне тән құнды қасиеттерімен әр шаңыраққа сәулелі шаттық сыйлап, көптеген жандардың жүрегіне сүйіспеншілік пен мейірімділік сезімін ұялататын мерейлі мерекелердің бірі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дінаралық, конфессияаралық саясатының арқасында біздің халықтарымыздың бірлігі мен дәстүрлі мәдени құндылықтары сақталып келеді. Этносаралық татулық пен діни толеранттылық – ел дамуының басты кепіліне айналып, мемлекетіміз дінаралық келісімнің ордасына айналуда. Оған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерінің Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өтуі бірден-бір дәлел деп білемін. Бүгінде біз осындай оң өзгерістердің куәсі болып отырмыз.

Мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы игілікті диалогты дамытуда көпұлтты Қордай ауданының жұртшылығы белсенді түрде атсалысуда. Мұнымен қатар, қордайлықтар әлеуметтік-экономикалық салада да толағай табыстарға қол жеткізді. Қордай ауданының жеткен жетістіктері Сіздер мен біздердің бірлескен жұмысымыз бен ынтымағымыздың жарқын көрінісі.

Құрметті жерлестер!

Рождество мерекесі – азаматтардың рухани ізгілікке деген ұмтылысын нығайтып, ұлтаралық келісім мен достықтың нышанына айналды. Рухани тазалық пен ізеттілікке үндейтін мереке баршамызға шуағын шашып, ел дамуы жолында жасаған әр қадамымызға береке дарытсын.

Мереке қарсаңында баршаңызға шын жүректен бақыт, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта