home
home home

Аудан әкімі Б.Байтөленің Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай өткен митингіде сөйлейген сөзі

Аудан әкімі Б.Байтөленің

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай өтетін митингіде сөйлейген  сөзі

 

Құрметті интернационалист – жауынгерлер,

Ауғанстанда  интернационалды борышын атқарып, қаза тапқандардың туыстары!

Баршаңызды 15 ақпан – Ауғанстан жерінен  Кеңес әскерлерінің шектелген құрамынының шығарылған күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Ұлы Отан соғысынан кейін ел азаматтары әр түрлі жергілікті соғыстарға қатысқан. Бірақ, Ауғанстан – ең ауыр сын болды. 15 ақпан – бұл қаза тапқандарды еске алу күні ғана емес, абырой мен ерлікпен әскери борышын өтеп келгендерге деген шексіз құрметтеушілік пен алғысты білдіру күні. Бұл күн  орны толмас өкініш. Сондықтан да біздің бүгінгі борышымыз – өз елінің намысы үшін қанын төккен жауынгерлердің есімін ғасырлар бойы мәңгі ел жадында сақтау.

Қоғам тарапынан Ауғанстан соғысына қатысқан, біздің жерлестеріміз ерлігі жоғары бағасын алды. Олардың қызметі сол жылдары ауған халқының тұрмысына және әлем тағдырында оң әсерін тигізді. Өйткені Сіздер, кезінде Отанымыздың шекарасына қарай есірткі бизнесінің және халықаралық терроризмнің жақындауына қарсы тұрдыңыздар. Бұл – баға жетпес еңбектеріңіз. Бұл соғыс біздің елге де ауыр тиді. Сол жылдары  қаза тапқан  біздің  әрбір 12 жерлесіміздің ерлігі мәңгі есте қалды.

Бүгінде Елбасымыздың көрегенді саясаты мен халықтың береке-бірлігінің арқасында еліміз бейбіт күнде өмір сүруде. Бұл елі мен жері мен үшін жанын аямай, Отан үшін от кешкен батыр бабаларымыздың арқасы.  Осы бағымызды сақтау, біздің азаматтық парызымыз.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта