home
home home

Аудан әкімі Б.Байтөленің 1 қыркүйек – білім күніне орай құттықтауы

1 қыркүйек – білім күніне орай құттықтау

 

Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары және ата аналар!

Баршаңызды білім күнімен – жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін міне жарқын да қуанышты мереке – білім күніне орай дәстүрлі өткізілетін салтанатты шараның куәсі болып отырмыз.

Осы білім күніне орай біздің ауданның 3635 бүлдіршіні үшін бірінші қоңырау соғылса, 950 оқушы мектеп қабырғасымен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алады.

Білім – игілік пен бірлік, байлық пен дәулеттің, жарқын болашағымыздың негізгі қайнар көзі. «Бәсекеге  қабылетті дамыған ел болу үшін, біз жоғарғы білімді ұлт болуымыз қажет» деп ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясында» атап өтті.

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін елдің сауаттылығын арттыру, соның ішінде, барлық жеткіншек ұрпақтың сауаттылығына зор көңіл бөлу, білім берудің жаңа әдістеріне көшу қажет. Осы орайда ауданымызда жаңадан мектептер мен балабақшалар санын ұлғайту мақсатында   өткен оқу жылында Көктөбе және Соғанды ауылдарында жаңа мектеп ғимараты оқу жылында қолданысқа берілсе, ағымдағы жылы Қордай, Қаракемер, Қайнар ауылдарындағы орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 392 млн 653 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар, бірқатар ауылдық округтердің білім беру ошақтарындағы орын тапшылығы мәселесі өз шешімін табуда. Ағымдағы жылы Қалғұты ауылында жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталса, келесі жылы Күнбатыс-2 және Масанчи ауылыдарына да жаңа мектептер салынып, оқу жылында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен бірге, білім ошақтарын компьютермен жабдықтау, интернетке қосу, озық техникалар мен технологияларды пайдалану мәселесінде де ілгерілеушіліктер байқалуда.

Қадірменді ұстаздар, оқушылар!

Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаев «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның  өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен.

Сондықтан бүгінгі жастар ілім-білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел игілігіне жаратып, болашақта озық  ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет.

Ел ертеңі Сіздерсіздер, шәкірттер,  қиялдарыңыз ұшқыр болып, қанаттарыңыз талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жағымды жаңалықтарға толы болсын!


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта