home
home home

Аудан әкімі Б.Байтөленің 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтауы

1 наурыз – алғыс айту күні

Аудан әкімі Б.Байтөленің 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды келе жатқан көктемнің шуақты мерекесі          1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын.

2016 жылы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасының Жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні болып бекітілді.

Бұл күн – тарихта өзіндік орын алған зорлық-зомбылық, қуғын-сүргiн оқиғала-рының нәтижесiнде Қазақстанға қоныс аударылған түрлi ұлттың миллиондаған өкiлдерiн құшақ жая қарсы алған қазақ халқына деген шексiз ризашылығы, сондай-ақ, еліміздегі барлық азаматтардың бiр-бiрiне деген сыйластығы мен ынтымағының, ортақ тарихымызды құр-меттеу, өзара көмек пен қолдау күнi. Әр адам жақсылығы үшін алғыс алып, өзіне көрсетілген көмек, демеу үшін рахмет-ризашылығын білдіретін күн.

1995 жылы дәл осы күні қазақ халқының санасына бірлік пен тұрақтылық, татулық пен отансүйгіштікті сіңіруді мақсат еткен ұйым – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Ассамблеяның құрылған күнімен тұспа-тұс келген бұл мереке ұлтаралық татулығымызды нығайтып, бірлік-берекемізді арттырып, ынтымағымызды еселей түсетін мереке болатыны анық.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің бас-ты байлығы мен басты жетістігі Қазақстанды мекендейтін халық пен этностардың достығы және бірлігі деп әрдайым айтып жүреді. Өйткені, кез келген елдің қуаты оның халқының бірлігінде.

Еліміз бүгінде әлемнің барлық елдерімен достық қарым-қатынаста, біз мұны зор мақтанышпен айта аламыз. Өткен жылы еліміз ең алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етіп, ел экономикасының дамуына және іскерлік ынтымақтастықты дамытуға өз септігін тигізді. Сондай-ақ, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алтыншы съезінің Елордамыз Астана қаласында өтуі қазақ елінің халықаралық аренадағы абыройын асқақтата түсті деуге толық негіз бар.

Бүгінде бірлігі бекем, татулығы тұрақты ауданымызда түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Оның жарқын көрінісін ауданымыздың жыл өткен сайын дамуға бет алып, халықтың әл-ауқатының арт-қандығынан байқауға болады. Ауданымыздың әрбір жеткен жетістігі Сіз бен біздің берекелі бірлігімізде ағайын!

Құрметті жерлестер!

Бүгінгі күні егемен еліміздің бірлігі мен берекесін нығайтып отырған игілікті істеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Мереке құтты болсын!


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта